ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 15 ақпанда жариялаған эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Павлолар облысы «қызыл» аймақта тұр. Бұған дейін «қызыл» аймақта болған Ақмола облысы «сары» аймаққа ауысқан. «Сары» аймақта Нұр-Сұлтан қаласымен қатар Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақмола облыстары бар. Қалған өңірлердің бәрі «жасыл» аймақта. Жалпы Қазақстан коронавирустың таралу қаупі жағынан «жасыл» аймақта тұр.
Жүктелуде...