Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қоғамдық тамақтану нысандарының түн ортасына дейін жұмыс істеуіне рұқсат берді.
“Кафе мен мейрамханаларға, соның ішінде СОО мен қонақ үй кешендерінде орналасқандарға таңғы 7-ден түн ортасына дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Шоттар 23:00-ге дейін жабылуы керек”, - делінген жексенбіде жарияланған санитар дәрігердің қаулысында.Бұдан басқа, жұмыс күндері азық-түлік және азық-түлік емес жабық және ашық базарлардың штаттық режимде жұмыс істеуіне рұқсат, ал демалыс күндері базар нысандары 30 пайызға ғана толығуы керек. Театрлар мен кинотеатрларға да залдарды 30% толтыруға рұқсат етілді.