Алматы облыстық №1 балалар үйінің қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Алматы облыстық №1 балалар үйінің қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Алматы облыстық №1 балалар үйінің қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды
ашық дереккөзі
Алматы облыстық білім басқармасының «Алматы облыстық №1 балалар үйі» ҚММ қызметкерлеріне қатысты немқұрайлылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. «Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті балалар үйінің қызметкерлеріне қатысты жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде (ҚР ҚК 189-бабы 4-Б. 2-т.) Бұл іс аясында мемлекеттік мекеменің лауазымды тұлғаларына қатысты немқұрайлылық фактісі бойынша ҚР ҚК 371-бабы 1-бөлігі сотқа дейінгі тергеу басталды», – делінген осы ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Қазақстан Республикасы қылмыстық-процесcуалдық кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы туралы өзге де ақпарат (сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол бермеу) жария етуге жатпайды.