Қазақстан 5 мемлекетпен арадағы әуе рейстерін көбейтті

Қазақстан 5 мемлекетпен арадағы әуе рейстерін көбейтті

Қазақстан 5 мемлекетпен арадағы әуе рейстерін көбейтті
ашық дереккөзі
10 ақпаннан бастап қазақстандық әуе тасымалдаушылары 5 мемлекетпен арадағы әуе рейстерін көбейтті. Енді Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Украинаға және Мальдив Республикасына ұшатын рейстің жиілігі артады. Нұр-Сұлтан – Мәскеу және Алматы – Мәскеу бағыттарына рейстер саны қосылды. Ұшақтар енді аптасына 4 рет ұшады. Сондай-ақ Мәскеуге Шымкент, Ақтау бойынша рейстер қайта жанданды. Өзбекстанға аптасына 7 рет ұшақ қатынайтын болады. Алматыдан Бішкекке ұшатын рейстер саны аптасына 3 есеге дейін өсті. Онымен қоса, Алматы қаласынан Малеға ұшу жиілігі қосылды. Айта кетейік, Нұр-Сұлтан – Киев бағытындағы әуе қозғалысы да қалпына келтірілді.