«Nur Otan» партиясының жас депутаты 100 отбасыға көмектесті

«Nur Otan» партиясының жас депутаты 100 отбасыға көмектесті

«Nur Otan» партиясының жас депутаты 100 отбасыға көмектесті
ашық дереккөзі

Түркістан облысы, Келес ауданында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Тайқазан» жобасы аясында «Келес-Абай» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен игі іс-шара өтті.  

Қайырымдылық іс-шарасына Келес аудандық мәслихатының депутаты Мұхтар Әбдімәлік айрықша үлес қосты.

 width=

Жас депутат әлеуметтік жағдайы төмен 100 отбасыға азық-түлік таратуға демеушілік жасадыОл «Nur Otan» партиясының праймеризі әрі жастар квотасы арқылы мандатқа ие болды.

«Мақсатым – ел сенімін ақтау. Партия бағдарламасындағы міндеттерді орындауға бар күш-жігерімді саламын», – дейді Мұхтар Әбдімәлік.

Азық-түлік пен тұрмысқа қажеті заттар салынған қораптарды «Jas Otan» жастар қанатының еріктілерімен Келес аудандық «Жастар ресурстық орталығының» жастары мен тұрғындарға таратып бердіКөмекке ие болған тұрғындар депутат пен жергілікті имамдарға, ерікті жастарға ризашылығын білдірді.

Түркістан облысы бойынша облыстық, аудандық және қалалық мәслихаттарға «Nur Otan» партиясы фракциясынан 263 депутат сайланған. Оның 37-сі – облыстық мәслихат депутаттары.

Осылайша, мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы фракциясының құрамы 60%-ға жаңартылды Қаңтар айынан бері Түркістан облысында барлық деңгейдегі мәслихаттардың жаңа депутаттары 131 кездесу өткізіп, 329 тұрғынның өтініші мен талап-арызын қабылдап үлгерді