Спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен қызметке тағайындалды

Спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен қызметке тағайындалды

Спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен қызметке тағайындалды
ашық дереккөзі
Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметінің жетекшілігіне танымал спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz. Ермұхамед Мәулен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің түлегі. 2013-2016 жылдары «QAZSPORT» арнасының редакторы қыметін атқарған. 2014 жылы Бразилияда өткен Әлем чемпионатын қазақ телевизиясы тарихында тұңғыш рет оқиға орнынан жүргізген комментатор. 2017-2018 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінің спорт бөлімінің меңгерушісі, ал 2019 жылы «Хабар» агенттігінің спорт бөлімінің продюсері қызметін атқарды. 2020 жылы «QAZSPORT» телеарнасында арнайы жобалар редакторы қызметін атқарған.