«Өртеп жібереміз»: ақша үшін кассирдің үстіне бензин шашқан азамат іздестірілуде

«Өртеп жібереміз»: ақша үшін кассирдің үстіне бензин шашқан азамат іздестірілуде

«Өртеп жібереміз»: ақша үшін кассирдің үстіне бензин шашқан азамат іздестірілуде
ашық дереккөзі
Қарағандыда қарақшылар қаладағы шағын несие ұйымдарының бірінің кассиріне шабуыл жасап, үстіне бензин шашып, өртеп жібереміз деп қорқытқан. Temirtau.times парақшасының жазуынша, 9 ақпанда сағат 16.00-де Қарағандыда микронесиелік ұйымдардың бірінің үй-жайында белгісіз екі адам 28 жастағы әйел кассирге бензин құйып жіберген. Қарақшылар 120 мың теңге сомасындағы ақшаны иемденген. «Бұл оқиғаға қатысты ҚР ҚК 192-бабы «Қарақшылық» бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдіктілерді анықтау және ұстау үшін полиция департаменті аппаратының ең тәжірибелі қызметкерлерінен жедел топ құрылды», – деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.