Нұр-сұлтан қаласы қайтадан «қызыл» аймаққа кірді

Нұр-сұлтан қаласы қайтадан «қызыл» аймаққа кірді

Нұр-сұлтан қаласы қайтадан «қызыл» аймаққа кірді
ашық дереккөзі
Денсаулық сақтау министрлігі 8 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады. 8 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның екі облысы мен бір қаласы «қызыл» аймақта тұр. Олар: Ақмола, Павлодар облысы мен Нұр-Сұлтан қаласы. Кеше «сары» аймақта тұрған елорда бүгін «қызыл» аймаққа қайта кірді. «Сары» аймақта Қостанай, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары бар. Кеше «сары» аймақта болған Шығыс Қазақстан бүгін «жасыл» аймаққа шықты. Қалған өңірдің бәрі «жасыл» аймақта. Жалпы Қазақстан коронавирустың таралу қаупі жағынан «жасыл» аймақта тұр.