Тұман, жел, көктайғақ: еліміздің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады

Тұман, жел, көктайғақ: еліміздің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады

Тұман, жел, көктайғақ: еліміздің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады
ашық дереккөзі
8 ақпан күні еліміздің басым бөлігінде қар аралас жауын-шашын болады, солтүстікте қар жауады. Батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі сақталады, – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК. Павлодар облысының кей жерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Желдің екпіні 23-28 м/с, 30 м/с артуы ықтимал. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде бұрқасын күтіледі, басым бөлігінде 15-20 м/с екпінде жел тұрады, екпіні 23-28 м/с артуы ықтимал. Ақмола облысының кей жерінде бұрқасын, тұман болжанады. Желдің күші 23-28 м/с артады. Қарағанды облысының кей жерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы 23-28 м/с артады. Қостанай облысының кей жерінде жаяу бұрқасын болады. Жел екпіні 23 м/с күшейеді. Жамбыл облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Екпіні 23-28 м/с артады. Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз желдің күші 23-28 м/с күшейеді. Ақтөбе облысының кей жерінде тұман, жаяу бұрқасын болады. 15-20 м/с екпінде жел тұрады. Алматы, Маңғыстау облыстарының кей жерінде көктайғақ күтіледі. Алматы облысының кей жерінде тұман күтіледі, жел 18-23 м/с күшейеді.