Бақытбек Мәріпов Ош облысы Нооқат ауданының әкімі қызметінен босатылды. Бұл туралы Қырғызстан Министрлер кабинеті аппаратының Ақпараттық қамтамасыз ету бөліміне сілтеме жасап 24.kg хабарлады. Бұл премьер-министр Ұлықбек Мәріповтің мүдделер қақтығысын болдырмау үшін қабылдаған алғашқы шешімдерінің бірі екендігі нақтыланды. Айта кетейік, Бақытбек пен Ұлықбек Мәріпов - туған бауырлар. Қырғызстанның жергілікті өзін-өзі басқару органдары биліктің атқарушы тармағының бір бөлігі және тікелей премьер-министрге бағынады.
Жүктелуде...