Коронавирус: Қазақстан «жасыл» аймаққа өтті

Коронавирус: Қазақстан «жасыл» аймаққа өтті

Коронавирус: Қазақстан «жасыл» аймаққа өтті
ашық дереккөзі
Денсаулық сақтау министрлігі 5 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады. 5 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның үш облысы «қызыл» аймақта тұр. Олар: Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары. Кеше «қызыл» аймақта болған Батыс Қазақстан бүгін «сары» аймаққа өтті. «Сары» аймақта Батыс Қазақстанмен қатар Нұр-Сұлтан қаласы, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Атырау, Қарағанды облыстары бар. Қалған өңірлер мен қалалар – «жасыл» аймақта. Матрица жалпы Қазақстанның «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа өткенін көрсетті.