Аманатқа адалдық: Тәуелсіздік шежіресіндей болған Túrkistan жинағының таныстырылымы өтті

Аманатқа адалдық: Тәуелсіздік шежіресіндей болған Túrkistan жинағының таныстырылымы өтті

Аманатқа адалдық: Тәуелсіздік шежіресіндей болған Túrkistan жинағының таныстырылымы өтті
ашық дереккөзі
383
Басылым бетінде жарық көрген әрбір материал – тарих қойнауына кететін құжат. Газет тігінділерінде бүтін бір заман, дәуір келбеті сақталады. Құнды мақалалар, сүбелі сұхбаттар қанша уақыт өтсе де маңызын жоймайды, себебі ол – бүгінгі мәселе, ертеңгі естелік. Сол еңбектерді жабулы қа­зан жабулы күйінде қалдырмай, араға уақыт салып қайта жа­риялау да – маңызды мәселе. Осы тұрғыдан алғанда, бел­гілі бір уақыт аралығында жарық көрген мақалаларды сұрып­тап, жинақ түрінде шығару – әлемдік тәжірибеде бар игі үрдіс. https://youtu.be/j_6_ay9n8sg 28 қаңтар – халықаралық Túrkistan саяси апталығының жа­рық­қа шыққан күні. Осыған орай, елор­дадағы Ұлттық академиялық кі­тап­ханада басылым бетінде жа­рық көрген материалдардың жи­на­ғы таныстырылды. Кітапқа ен­ген материалдар 1994 жылдан 2019 жылға дейінгі аралықта газет бе­ті­не шыққан мақалалар мен сұх­бат­тардан іріктелген. Жинақтың таныстыры­лы­мына елімізге белгілі қоғам қай­рет­кер­лері, баспасөз сала­сы­ның өкіл­дері қа­тысты. Л.Гумилев атын­­­­дағы ЕҰУ Жур­налистика жә­не саясаттану фа­­культетінің де­ка­ны, публицист Қай­рат Сақ, фи­ло­логия ғылым­да­ры­ның докторы, про­­фессор Серік Не­гимов, «Бас ре­­­­дакторлар клу­бы­ның» вице-президенті, саясаттанушы, пуб­­лицист Кен­жеболат Жолдыбай, ҰҒА ака­де­мигі, Қазақстан ұлттық жа­ра­ты­­лы­с­тану ғылымдары ака­демия­сының вице-пре­зиденті Кәрім­бек Құрманәлі, «Отан­дас­тар қоры» КЕАҚ-ның ресми өкілі, жур­на­лист Еркін Байғабылұлы, Қазақ­стан Жазу­шы­­лар одағының Нұр-Сұл­тан қалалық фи­­лиалының тө­ра­ғасы, ақын Дәулеткерей Кәпұлы, Egemen Qazaqstan газеті Басқарма төра­ғасының орын­басары Ерболат Қа­ме­нов, Ұлттық академиялық кі­тап­ханасының ди­­ректоры Үмітхан Мұңалбаева, фи­ло­ло­гия ғылым­дары­ның кан­ди­даты, доцент Гүл­мира Әшір­бекова, Түркияның «Жи­хан» ақ­па­рат агенттігінің Қа­зақ­стандағы тілшісі Доған Йылдыз қа­тысты.  width= Басылымның бас редакторы Қуат Әуес­бай аталған жинақты шы­ғару туралы ой аманатқа адал­дық, өткенге құрмет біл­діруді мұ­рат тұтқаннан туындағанын атап өтті.
– Басылымның мерейтойы қар­саңын­да ар­хив ақтарып, сар­ғайған, шаң басқан га­зет тігін­ді­лерін қайта парақтап отырып, не­­бір кестелі сөз, көшелі ойдың ке­ніне кез бол­дық. Túrkistan га­зе­тінде жарық көрген ма­териал­дар­дың әлі де өміршеңдігін жой­май, маңызын сақтап, құнын жоғалт­па­­ғанына тәнті болдық. Әрбір ма­қаланы қы­­зыға, құныға, бас ал­май оқып шықтық. Ама­натқа адал­дық, өткенге құрмет біл­діруді өзі­мізге асыл мұрат, абзал парыз са­­нап, газет бетінде жарияланған мате­риал­­дарды іріктеп, жинақ етіп шығаруды ұйғар­дық. Рас, том-том кітапқа арқау бо­лар­лық материалдар баршылық, бірақ оның барлығын қамти алма­сы­мыз белгілі. Сон­дықтан кей ав­тор­лар, материалдар на­­зары­мыз­дан тыс қалып қойып жатса, айы­п­­­қа бұйырмауды сұраймыз. Бұл жинақ қазақ баспасөзін зерт­теушілерге көмекші құрал болып, патша көңілді оқырманымыз үшін рухани азық берер пайдалы дүние бо­ла­ды деген сенімдеміз, – деді Қуат Әуес­бай.
 width= Жиынға қатысушылар ба­сы­лымның қазақ руханиятындағы орны, маңызы жай­лы сөз қозғап, жинақтың қалың оқырманға рухани азық болатынына сенім біл­дірді, газеттің бүгінгі бет алы­сына оң бағасын берді. Алғаш бо­лып сөз алған Л.Гумилев атын­дағы ЕҰУ Журналистика және саясат­тану факультетінің деканы, филология ғы­лымдарының кан­ди­даты, алаштанушы ға­лым Қай­рат Сақ жинақтың маңызына тоқ­­­талды.  width=
– Ел Тәуелсіздігін нығайтуда қа­зақ бас­па­сөзінің де қосқан үле­сі зор. Соның ішін­де халықаралық Túrkistan газетінің орны ерекше. Аз жылдың ішінде тек еліміз ғана емес, күллі түркі тілдес халық­тар­дың ын­ты­мақтастығының үн­жа­риясына айналды. Ал бүгін та­ныс­тырылып отырған жинақ қа­лың оқырманға рухани азық бол­са, қа­зақ баспасөзін зерттеу­шілер­ге және жур­налистиканың оқуына енді түскен жас түлек­тер үшін таптырмас құрал. Мұндай жи­­нақты жай газет шығара ал­май­ды. Тек ір­гелі басылымдардың мүмкіндігі жететін дүние», – деді Қайрат Сақ.
 width= Филология ғылымдарының док­торы, белгілі публицист ға­лым Серік Негимов газеттің тари­хы, өткені мен бүгінін са­бақ­тас­тыра отырып өз пікірін білдірді.
– Әр нөмір сайын шет елдегі қа­зақтың ұл-қыздары жөнінде ке­­­ремет материалдар жария­ла­нып тұрады. Риза боламын. Қа­зақ­тың ұл-қыздарының интел­лекті, шығар­ма­шылық мәдениеті жоғары екенін, бір­неше тілді білетіндерін мақтан тұта­мын. Газетті сонау 1994 жылдан бе­рі оқып келе жатырмыз. Бізге га­зет оқуды үйреткен Мәлік Ғаб­дул­лин еді. Ол кісі газет оқыңдар деп айтқан емес, бірақ ҚазҰУ-дың маңайын­­­да ілулі тұрған газет­тер­ге үңіліп, қа­рап жүретін. Сөйтсек, республикалық га­­зет­терді ғана емес, облыстық басы­лым­дарды да қалдырмай оқиды екен. Содан 1971 жылы ҚазҰУ-ды бітіріп, 1972 жылы ака­демияға барған кез­де Әди Шәріпов, Мәлік Ғаб­дуллин бар, сол кезде әңгімеден әңгі­ме шығып, Мәлік Ғабдуллин бір жылға 180 сомға газетке жа­зыл­ғанын айтқан еді. Ол кездері «Правда» газеттері 2 сомның маңайында еді ғой. Сонда таң­ғал­ған едім. Сол кісілер бірдеңені біле­ді ғой деп, біз де со­дан бері га­зет оқып келе жатырмыз. Túrkistan газетіне өзім риза­мын. Басы­лымның кейбір тарихи ма­териалдары ме­нің қолымда. Әуел­гі бірінші күннен, алғашқы са­нынан бастап-ақ   Túrkistan-ға кере­мет мақалалар жарияланды, мық­ты, білікті де білгір журна­лис­тер қызмет етті. Асудан асуға аса беріңдер, белестен-белес­ке шы­ға беріңдер, түркі халықтарын ұйыс­тыратын басылым болсын, Тайбурылдың шабысын тілеймін», – деп ізгі лебізін айт­ты.
Газет қоғамдық-саяси маңызы бар мә­селелерді көтеріп, сол проб­лемалардың ше­шім табуына ық­пал етіп келеді. Соның ішін­де, қан­дастар мәселесін ерекше атап өту керектігін Республикалық «Бас редак­торлар клубының» вице-президенті, сая­сат­танушы, публицист Кенжеболат Жол­ды­бай тілге тиек етті.  width=
– Тәуелсіздік жылдарында Túrkistan газетінің көтерген жүгі зор. Қазір сарап­тама­лық мате­риал­дарды осы газеттен көп оқи­­мын. Әсіресе, әлемнің әр түк­пірін­де жүр­ген қазақтар жайлы шық­қан өте қы­зықты сұхбаттар­ды оқып, риза боламын. Сонымен қатар ATAJURT жобасын айрық­ша айтуға болады. Бұл – жоба елі­міздің ұлт­тық демографиясы үшін аса қажетті бастама», – деді Кенжеболат Жолдыбай.
 width= Жинақтың таныстыры­лы­мына арнайы ғылыми баяндама әзір­леп келген Л.Гумилев атын­да­ғы Еуразия ұлттық университеті бас­пасөз және баспа ісі кафед­ра­сының мең­герушісі, филология ғылымдарының кандидаты Гүлмира Әшірбекова газет бетінде әр жылдары жарық көрген ма­қа­лаларды жан-жақты талдады. Сонымен қатар басылым бетіне бүгіндері жария­ланып жүрген ма­те­риалдарды сараптап, жур­налистерге жылы лебізін білдір­ген зерттеуші ғалым аталған баян­даманы қа­зақ баспасөзін зерт­­теушілер мен студент­тер үшін құндылығын ескере оты­рып, арнаулы ғылыми журналға жариялай­ты­нын айтты.  width=
– Túrkistan газетінің бүгінге дейін жет­кен жетістігі, оның маз­мұны, қазіргі са­пасына байла­ныс­ты қоғамда өте жақсы пі­кір қа­лып­тасқан. Жалпы баспасөздің қо­ғамда алатын рөлі, оның ат­қара­тын қызметі ешқашан маңы­зын жоймақ емес. Оған нақты дә­лел ретінде әлемге танымал Washington Post,  New York Times басы­лымдарын айтуға болады, тіпті өзіміздің «Егемен Қазақстан» газетінің ғасырдан астам тарихы бар. Демек ұзақ уақыт бойы шы­ғып келе жатқан басылымдар оқыр­манға және қоғамға түрлі оқиғалар мен реформаларға бай­ланысты өзіндік үнін жеткізу арқылы ерекше қызмет атқарады. Осы орайда 1994 жылдан бастап жарық көре бастаған Túrkistan газетінің өзіндік орны, бағыты ерекше екенін айтуымыз керек. Өйткені Túrkistan газеті әуел бастан шетелдегі қандас бауыр­ларды жинақтау, оларды қамтуды алға қойған болса, сол дәстүр са­бақтастығы, идеяның бірлігі осы күнге дейін жалғасын тауып келе жатыр, – деді Гүлмира Әшір­бе­кова.
 width=
– Жалпы, Túrkistan газетінің ар­қалаған жүгі мен аманаты үлкен деп білемін. Кезін­де сту­дент­тер жатақханасына жаз­дырып алатын үш газеттің біреуі осы Túrkistan болатын. Негізін Қалтай Мұхамеджанов секілді қазақ әдебиетінде ойып алатын орны бар азулы жазушы қалаған ба­сылым осы күнге дейін жа­нымызға жақын. Мағжан Жұма­баев «Қазақта қара шаңырақ қал­­ған жоқ па?» деп айтқандай, түр­кі дү­ниесі қазақ елін қара шаңырақ деп та­нитын болса, Túrkistan-ның Қазақстанның  қа­зіргі елордасы – Нұр-Сұлтан қа­ласынан басылып шығуы заң­дылық. Túrkistan апталығы газет-журнал деген дүниеден ал­шақтап бара жатқан қазіргідей заманда оқырман бетін бері қаратып, оларды мазмұнды мақала-сұхбат­тарымен ынтық­тырып жүр. Басылым қызметкерлері өз­деріне жүктелген міндетті адал атқарып келе жатыр десем қателеспеймін. Әсіресе, газет бетінен руханият тура­лы сарап­та­ма­лық материал­дарды жиі оқимын. Сондай-ақ, қандастарға арналған ATAJURT ай­да­рымен тамаша материалдар шығып тұрады. Қазақ ұлтына жанашыр, қазақтың шаңырағы биік, керегесі кең болсын деп тілеп кеткен ұлылар іргетасын қа­лаған га­зеттің ғұмыры ұзақ болуы керек!», – деді ақын Дәулет­керей Кәпұлы.
 width= Сондай-ақ, басқосуға жинал­ғандар Túrkistan газетінің бұл жи­нағы болашақта қазақ бас­пасөзін зерттеушілер үшін тап­тырмас кө­мекші құрал болаты­нын, тарихта өз орны бар газет қазір заманауи оқырман талабы­на бейімделіп, ақпаратты жеткізу­дің жаңа үлгісіне көшіп, муль­ти­медиялық құрал­дарды еркін пай­даланып отыр­ғанын да тілге тиек етті. Расында, елдік бірлікке, ұлттық тұтастыққа үндейтін сүбелі мақала, сұхбаттар топтастырылған бұл жинақ ел Тәуелсіздігінің шежіресі іспетті. Газетке жарияланған әрбір мақала – болашаққа қалдырылған асыл сөз, аманат. Соларды сақтап, зулаған заманға, зымыраған уақытқа жұтылдырмай қайта жаңғыртуды аманатқа адалдық деп ұғындық.

Серіктес жаңалықтары