Алматыда заңсыз салынған нысандар сүріліп жатыр

Алматыда заңсыз салынған нысандар сүріліп жатыр

Алматыда заңсыз салынған нысандар сүріліп жатыр
ашық дереккөзі
Алматының орталығында заңсыз салынған нысан сүрілді. Алматы қалалық сәулет-құрылыс бақылау басқармасының мәліметінше, қала тұрғыны нысанды рұқсатсыз, өз қалауымен тұрғызған. Нысан Радостовец көшесінде инженерлік коммуникациялардың үстіне салынған. «Құрылыс көптеген нормаға сай келмейді. Сот талқылауы барысында біздің талап-арыз қанағаттандырылды. Нақты шешім шыққаннан кейін нысанды бұзуға кірістік», – деп хабарлады басқармадан. Иеншік иесін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 316-бабы 1-бөлігі, 321-бабы, 323-бабы және 463-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапқа тартылды. Бұған дейін Қарасай батыр мен Әйтиев көшелерінің қиылысындағы көлік жуу орны мен бірнеше коммерциялық нысандардың бұзылғаны туралы жазған болатынбыз.