Универсиада алауы бірнеше жерде жағылады

Универсиада алауы бірнеше жерде жағылады

Универсиада алауы бірнеше жерде жағылады
ашық дереккөзі
Тарихта тұңғыш рет универсиада алауы бірнеше жерде жағылады. Қазақстанның 16 қаласында жағылған алау, әлемдік спорттық шараның ашылу салтанатында тұтасып, біртұтас болады, деді бүгін оңтүстік астанамызда өтіп жатқан 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиадаға қатысушы мемлекеттер делегациялары басшылары кездесуінде «2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиадаға дайындық пен оны өткізу бойынша дирекциясы» МҚ директоры Наиль Нуров. «Қысқы универсиаданы өткізуге қажет барлық қаржы мәселесі шешілген. Әлемдік спорттық шараны өткізуге 52 млн. доллар бөлінді. Бұл ақша толығымен жетеді. Қонақтардың қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін барлық мүмкіндікті жасап жатырмыз. Қатысуға өтініш білдірген 64 елдің бүгінгі таңда 58-і қатысатындығын растады. 2262 атлет келеді. Көлік тасымалдау жағынан келетін болсақ, барлық көліктерді жаңадан алдық. Сонымен қатар, қонақтарымыз қазақ халқының дәстүрі мен асханасымен, ұлттық тағамдарымен танысады. Қазақтың тамағынан дәм татып қана қоймай, шеберлердің ас әзірлеу мастер-класын көреді. Шараға 3000 ерікті қатысады», - деді Н.Нуров. Алматыдағы студенттер сайысы 12 спорт түрі бойынша өтеді. Универсиада кезінде, отандық және шетелдік 30 мың турист келеді деп болжанған. Универсиадада 127 халықаралық төреші, 600-ге жуық техникалық мамандар қызмет ететін болады. Сайыстар 8 спорт нысандарында өтеді. Биылғы жылдың соңына дейін жаңа нысандарды сынықтан өткізу үшін 5 спорттық шара өтеді. Айта кетейік, Бүгін Алматыға Халықаралық студенттер спорты федерациясы (FISU) президенті Олег Матыцин бастаған делегация мен АҚШ, Ресей, ҚХР, Жапония, Ұлыбритания Германия, Италия, Франция, Канада, Корея Республикасы, Швеция, Польша және тағы басқа, жалпы 28 елдің студенттер спорты федерациясының басшылары келді. Сапардың басты мақсаты 28-ші дүниежүзілік қысқы универсиадаға дайындықпен танысу. Жиында халықаралық жарысқа дайындық пен оны өткізудегі мәселелер талқыланып жатыр. Шараға «2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиадаға дайындық пен оны өткізу бойынша дирекциясы» МҚ директоры Наиль Нуров, ҚР Студенттер спорты ұлттық федерациясы президенті Қайрат Закирьянов, FISU Бақылау кеңесінің төрағасы Мариан Дмальский қатысып отыр. Алдағы 3 күнде, 15-18 қыркүйекте шетелдік мамандар қысқы ойындар өтетін спорттық нысандарға инспекторлық етеді. Оның ішінде, «Сұңқар» Халықаралық трамплиндер кешені, Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайы, жаңа нысан: «Алматы арена», «Халық арена», «Медеу» мұз шатқалы, «Шымбұлақ» тау-шаңғы кешені, «Алатау» шаңғы- биатлон кешені және «Табаған» ойын-сауық кешені. Сонымен қатар, делегаттар алдағы күні «Алматы арена» мұз кешенінің ресми ашылуы мен сол нысанда өтетін қаланың 1000 жылдығына арналған гала-концертке қатысады. Шетелдік арнайы делегациямен қатар, 2019 жылы Красноярск қаласында өтетін 29-шы Дүниежүзілік қысқы универсиаданы ұйымдастыру комитетінің өкілдері «Observer» бағдарламасының қатысушылары да аралайды. Өйткені, аталған қалаға 2017 жылы Универсиаданың жабылу салтанатында студенттер ойындарының байрағы табыс етіледі.