1 млн астам азаматтың 2 млрд теңге қарызы кешірілді

1 млн астам азаматтың 2 млрд теңге қарызы кешірілді

1 млн астам азаматтың 2 млрд теңге қарызы кешірілді
ашық дереккөзі
410
Қазақстанда азаматтардың өсімпұлын есептен шығару бойынша салықтық рақымшылық қорытындысы шығарылып, 1 млн. астам азаматтың 2 млрд. теңге қарызы кешірілді. Бұл туралы Қазақстан Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді. Мемлекеттік кірістер комитеті 2020 жылғы 31 желтоқсанда жеке тұлғаларға мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдары салығы бойынша салықтық рақымшылық аяқталғанын хабарлайды. Жеке тұлғалар үшін өсімпұлды есептен шығару бойынша салықтық рақымшылық Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 2 шілдедегі Заңына сәйкес жүргізілді. Есептен шығарудың басты шарты салық бойынша негізгі қарыз сомасын төлеу болды. Өсімпұлды есептен шығару үшін ешқайда барудың қажеті жоқ еді. Қарыздың негізгі сомасын төлеу жеткілікті болды және өсімпұл автоматты түрде есептен шығарылды. Мәселен, 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 21 697 164 206 теңге негізгі қарызы және 4 254 324 271 теңге мөлшерінде өсімпұл сомасы бар 1 513 879 азаматтың салықтық рақымшылыққа қатысуға құқығы бар болатын. Жыл қорытындысы бойынша өсімпұлды есептен шығару шарасын 1 057 764 азамат (70%) пайдаланды, олар бойынша 14 849 385 721 теңге (68%) мөлшерінде негізгі борыш сомасы төленді және 2 050 503 348 теңге (48%) сомасында өсімпұл есептен шығарылды. Салықтар бойынша статистика мынадай:
теңге
Салықтардың атауы Азаматтар саны Төленген негізгі берешек сомасы Есептен шығарылған өсімпұл сомасы
Мүлік салығы          166 334           687 428 783         91 658 429
Жер салық          115 987           231 669 374         40 638 811
Көлік құралдары салығы        775 443        13 930 287 565       1 918 206 109
  Жиыны       1 057 764       14 849 385 721       2 050 503 348
  Мемлекеттік кірістер комитетімен өсімпұлдарды есептен шығару бойынша акция қорытындысы бойынша 1 млн.астам азаматтың 2 млрд. теңге қарызын есептен шығарды. Мемлекеттік кірістер комитеті 2020 жылғы салықтық рақымшылықты пайдаланғандардың саны бойынша нәтижелер 2019 жылғы өткен салықтық рақымшылықтың нәтижелерінен асып түскенін атап өтеді (2020 жылы 1,1 млн.азамат, 2019 жылы 755,7 мың азамат немесе 300,0 мың азаматқа көп).

Серіктес жаңалықтары