Ауа райының нашарлауына байланысты ескерту жасалды

Ауа райының нашарлауына байланысты ескерту жасалды

Ауа райының нашарлауына байланысты ескерту жасалды
ашық дереккөзі
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ 2021 жылғы 4-8 ақпан аралығында ауа райының қолайсыз жағдайына, яғни қарлы бұрқасын, қар аралас жаңбыр және көк тайғақ болатын алдын-ала ескертіп, төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында алыс сапарға шықпауға кеңес береді. Жолға шыққан жағдайда қауіпсіз маршрутты таңдау, жол ережелерін сақтау, жылдамдықты арттырмау және шұғыл тоқтау, айналып өту кезінде абай болыңыздар. Сонымен қатар автожолға тек қысқы дөңгелекпен шығуды ескертеміз. Кез-келген жағдайда «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның 1403 нөміріне немесе 102, 112 нөміріндегі төтенше қызметіне хабарласыңыздар. Аталмыш талаптарды ескере отырып, біз автожолдағы қауіпсіздікті және жүргізушілер мен жолаушылардың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз.