Заң күшіне енді: Бүгіннен бастап әлеуметтік желілерге бақылау күшейеді

Бүгіннен бастап Ресейде әлеуметтік желілерге талапты күшейтетін федералдық заң күшіне енеді.

Желі иелері тыйым салынған контентті іздеп, оларды бұғаттауы тиіс, деп хабарлайды  Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Енді әлеуметтік желілерде былапыт сөздер мен рұқсат етілмеген митингтерге үндеу жарияланбауы керек. Бұның алдында «экстремистік» материалдардың жариялануына тыйым салынған еді. Мұндай материалдар қатарына «Роскомнадзордың» ресми ұстанымына қайшы пікірлер де кіріп кетіп жүр.

Билік тыйым салған жазбаны алып тастаудан бас тартқан сайттардың иелері 100 мың рубль  айыппұл төлейді. Желі немесе хостингті заңды тұлға иеленсе, оған 3-8 миллион рубль аралығында айыппұл салынады. Заң тағы бұзылса, желі иесі жылдық табысының 20 пайызынан айрылуы мүмкін.

Back to top button