Карантинсіз өмірге оралу үшін халықтың 50% вакцина алуы керек – ДСМ

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов локдаунсыз, карантинсіз өмірге оралу үшін болжаммен қанша қазақстандық вакцина алуы қажет екенін айтты.

«Егер халықтың кем дегенде 50% вакцина алса, иммундық қабат пайда болады. Осылайша, еш шектеусіз, карантинсіз, локдаунсыз қалыпты өмірге орала аламыз. Вакциналаудың ең басты нәтижесі осы болады», – дейді вице-министр.

Е.Қиясов жыл соңына дейін 6 миллион адамды вакцинамен қамтамасыз ету жоспарланғанын атап өтті.

«Жалпы, егу жұмысы 10 миллион азаматқа дейін есептелген. Бәрінің вакцина алғанын қалар едік, өйткені коронавирустың қандай қауіпті инфекция екенін білесіздер. Бәріңізді вакцина алуға шақырамыз», – деді Бас мемлекеттік санитар дәрігер.

Back to top button