Еуропада жүрсем де, Сарыжалымды сағынамын

Жуырда әлеуметтік желіде өзін Шы­ғыс Қазақстан об­лы­сына қарасты Абай ауда­нын­дағы Сарыжал ауылының ту­масымын деп таныстырған не­міс азаматы Райнгольд Бауэр­­дің қазақ тілінде еркін сөй­легені көпшіліктің наза­рын аудартқаны рас. Қазақ­стан­ға деген сағынышын жет­кізген Райнгольд осыдан жиыр­ма алты жыл бұрын Са­ры­жалдан Германияға көшкен екен. Қазіргі таңда Штутгарт маңындағы ауылда тұрып жат­қан бұрынғы жерлесімізге ха­бар­ласып, әңгімеге тартқан едік.

– Алдымен ата-анаңыздың Қа­зақстанға қоныстану тари­хын сөз ете отырсақ. Олар Са­ры­­­­жалға қалай келген?

– Мен 1966 жылы Сарыжалда дү­ниеге келдім. Отбасында жеті ағайын­дымыз: 2 ұл, 5 қыз. Мен – үй­дің кенжесімін. Сарыжалдағы ор­та мектепті бітірген соң от­ба­сы­мызбен Семейге көштік. Осындағы темір­жол училищесіне оқуға түстім. 1985 жылы әскерге кеттім. Әскерден оралған соң, теміржолда жұмыс іс­­­тедім. Сосын Семейде отбасылы бол­дым. Бір ұл, бір қызым бар. Қазір Штутгарт қаласының маңайындағы ауыл­да тұрып жатырмын. Ата­ла­рым­­ның көшу тарихын сұрасаңыз, Гер­манияны жұт жайлаған уақытта не­містер жан-жаққа кете бастаған. Сол кезде патшалық құрған Ека­те­рина ІІ «Кімде-кім Ресейге келіп, орыс­тарды егін егуге, ауылшаруа­шы­лық жұмыстарын жүргізуге жә­не мәдениетке үйретсе, үй-жай бе­ре­мін» деп үндеу тастаған. Содан не­містердің жартысы Украинаға көш­се, келесі жартысы Ресейге қо­ныстанған. Ата-бабаларым Кав­каз­ға келіп тұрақтаған. Әкем де, ше­шем де сол жерде туған. Апамның ай­туынша, онда олардың жағ­дай­лары жақсы болған. 1941 жылы со­ғыс басталғанда Сталин жергі­лік­ті немістерден қауіптеніп, оларды 24 сағаттың ішінде елден шығару туралы бұйрық берген. Сол уақытта немістердің көпшілігін Қазақстанға кө­шіріп әкелген. Апам екі бала­сы­мен бірге Семей жақтағы Бесағаш де­ген станцияға жеткізілген. Әр ауыл­дан ат арбамен келген қазақ­тар немістерді тиеп алып, ауыл-ауыл­ға, үй-үйге бөліп, орналас­тыр­ған. Апам бастапқыда станциядан түсу­ге қорыққанын айтады. Бірақ терезеден олардың құр қол келмей, қаймақ, сүт, май ала келгенін көріп, қорқынышы сейілген. Апамдарды кү­тіп алуға келгендердің әкелері, бауыр­лары ана жақта немістерге қар­сы соғысып жатса, ал мына жақ­та қазақтар жолда жүріп, қарны ашып қалған болар деп немістерге та­мақ тасып жүр. Сосын олар апам­ды балаларымен Сарыжалға алып кел­ген. Ауыл тұрғындары оларды та­мақтандырып, киім-кешек, үй-жай тауып берген. Апама сауыншы ре­тінде жұмысқа тұруға көмек­тес­кен. Кейіннен әкем Семейде жүр­ген­­де анаммен танысқан. Негізі, анам­ның да ата-анасы Кавказда ту­ған немістер, бірақ ол жақта бір-бі­рін танымаған. Әкем өрт сөндіру қыз­метінде көлік жүргізуші болып жұ­мыс істеген. Семей маңында жол апа­тына ұшырап, қаза тапты. Ол ке­з­де мен тоғыз айлық шақалақ­пын. Әкем есімде жоқ. Сөйтіп, анам жетеуімізді асырап-бағу үшін ауыр жұмыс істеп, таңнан кешке дейін далада жүрді. Ал біздің тәрбиемізді, сабағымызды апам, яғни әкемнің анасы қадағалады. Бүгінде екеуі де қасымызда жоқ болса да, олардың бізді адам қылу үшін істеген еңбегін еш ұмытпаймыз.

– Кеңес Одағы ыдыраған соң, Қазақстандағы этникалық не­містердің басым көпшілігінің ата­қонысына көшкені белгілі. Сіз де аға-әпкелеріңізбен бірге кө­ш­тіңіз бе?

– Алдымен Германияға 1993 жы­лы үлкен апайым көшті. Сосын ол бізді шақырып, осында көшіп келуі­мізге үгіттеді. Ақырында екі жыл­дан кейін ағам, анам үшеуіміз кө­шіп келдік. Негізі, шынымды ай­тайын, Қазақстаннан кеткім келген жоқ.

– Онда неге кеттіңіз?

– Үйдің кенжесі болған соң, үл­кен­дердің айтқанын екі етпей орын­дауың керек. Десек те, маған Гер­манияға көшу оңайға соқпады. Біріншіден, туған жерім – Сары­жал­ды қиып тастап кеткім келмеді. Екін­шіден, Германия – бөтен жер. Мұн­да келген соң, барлығын басы­нан бастауың қажет. Сені ешкім құ­шақ жая қарсы алмайтыны бел­гілі. Ал менің жора-жолдастарым, жа­қын достарымның барлығы Се­мей мен Сарыжалда тұрады. Бас­тап­қыда өзіңе үйреншікті ортаңды із­деп, сағынасың. Бірақ, амалың жоқ, бұған да үйренесің.

turkystan.kz 4 pdf.io

– Ал Германияға келген соң, өмі­ріңіз қалай өрбіді?

– Біз секілді шеттен келген не­міс­терді Германиядағы ауылдық кеңес өкілдері арнайы жатақханаға орналастырады. Сосын тілдік курс­ты оқуды ұсынады. Сөйтіп, жаңа ор­таға бой үйретіп, орнығып алған­ша жарты жыл бойы курс оқыдым. Со­сын жұмыс биржасының өкіл­дері электршінің оқуын оқып алуым туралы ұсыныс айтты. Оқу­ды бітірген соң, бірнеше жыл осы салада жұмыс істедім. Кейіннен 1996 жылдың аяғында матрац әзір­лейтін фирма басшысы Паулмен таныстым, оның атқарып жүрген жұмысына қызығушылығым артып, ақырында оның қасына жұмысқа тұрдым. Қазір сол компанияда сату жөніндегі агент болып жұмыс істей­мін. Айтпақшы, Паул – Алматы маңын­дағы Маловодное ауылының ту­масы. Орыс мектебінде оқыған, қа­зақша аз-маз біледі. Басшым бол­са да, екеуіміз жақын дос ретінде араласамыз.

– Аталған фирмада 24 жыл бойы жұмыс істеуіңізге екеуіңіз­дің араларыңыздағы дос­тық қа­рым-қатынастың тұрақ­ты­лы­ғы ықпалын тигізген болар?

– Ол рас. Екеуіміз жақсы тіл та­бы­самыз. Оның үстіне, жасайтын өні­міміз де қызық. Біз әзірлейтін ме­дициналық матрац дүкендерде са­тылымға қойылмайды, тек дәрі­ха­наларда сатылады. Бірақ олар алып­сатардың тәсілімен қымбатқа са­тады. Ал бұл матрац адамның ден­саулығы үшін өте пайдалы. Жал­пы, адам баласының табиғаты қызық қой. Саулығын күтуді ауыра бастаған кезде ғана ойлайды, ал жас кезінде «денім сау, маған еш­теңе алаңдат­пайды» деп жүре бере­ді.

turkystan.kz 5 pdf.io

– Ал Германияда қымызды кім дайындайды?

– Осында Ханс есімді жергілікті не­міс төрт жүзге жуық жылқы ба­ғады. Оның жылқы өсіруді қолға алуы­ның өзіндік тарихы бар. Оның әке­сі екінші дүниежүзілік соғыс ке­зінде тұтқынға түсіп қалып, Қа­зақ­стандағы тұтқындарға арналған ла­герьге жөнелтілген. Сосын ол ла­герьде қатты ауырып қалған соң он­дағылар «мынау адам болмайды» деп, оны босатып жіберген. Ал сол сыр­­қаттанып қалған немістің сол­да­тын қазақтар үйлеріне кіргізіп, қымызбен емдеп, аяғынан тік тұр­ғызған. Соғыс аяқталған соң Гер­ма­нияға оралған ол бала-шағасына қы­мыздың емдік қасиеті бірқатар ауруға шипа екенін айтып, жылқы ұстап, қымыз әзірлеумен айналысу қа­жет екенін айтқан. Сөйтіп, Ханс бала кезінен жылқы бағу, қымыз әзір­леуді әкесінен үйренген. Адам­дар қымыз сатып алу үшін оның жылқы фермасына арнайы барады. Бірақ, жоғарыда айтып өткенімдей, олар дайындайтын қымыздың са­пасын  сарыжалдікімен салыстыруға кел­мейді.

– Қазақша мүдірмей сөй­ле­ге­ніңізге қарасам, ана жақта құд­ды бір немістердің емес, қа­­зақ­тардың ортасында тұрып жат­қан секілдісіз. 

– Мен саған мынаны айтайын. Қа­зақ тілі – менің туған тілім. Туған ті­лің­ді қалай ұмытасың?! Мен кө­зім­ді ашқалы бері қазақтардың ор­та­сында өстім. Оқудың барлығы қа­зақша болды. Біле білсеңіз, Сары­жалда тұратындардың жартысы – не­містер, жартысы – қазақтар. Қа­зақтар немісше, ал біз қазақша сөй­лесіп жүре беретінбіз. Мен тіпті орыс тілі пәнін беске оқысам да, орыс­ша сөйлей алмайтынмын. Се­мей­ге оқуға түскен соң ғана орысша үй­рене бастадым. Көзім көк, ша­шым сары түсті, орысқа ұқсайтын бол­ғандықтан, мұғалімдер үнемі орыс­ша сұрақ қоятын. Орыс то­бын­дағы студенттермен әңгімелесейін десем, олардың айтқандарын ұқ­пай­мын, кейін белгілі болғандай олар балағат сөздер айтады екен. Ал бізде Сарыжалда ешкім былапыт сөз айтпайтын. Сабақтан келе сала, асық ойнап, ләңгі теуіп, асыр сала­тынбыз. Әлі есімде, қойдың сүйегіне бола төбелесе жаздап, «Әй, мынау менің асығым» деп сүйекке таласа­тынбыз (күліп). Есіме алсам, бір күліп аламын. Негізі, қазақтар мені бөле-жармайтын. Өзім де момын жігіт болдым. Ешкіммен сөзге келіп қалмауға тырысатынмын. Кейде «фашист» деген сөзді естіп қаласың. Сондай кезде жағадан алып, бай­ланысып қаласың. Бірақ олай айт­қандардың өздері әлі бала, байы­бы­на барып түсінбейтін. Жалпы, ауыл­дан жырақ кетсем де, аға-апай­ларым­мен қазақша сөйлесемін. Тіпті кейде өз-өзіммен қазақша кү­бірлеп отырамын (күліп). Таң­да­натын түгі жоқ, себебі қазақ тілі – ана тілім ғой. Жастайымнан қазақ­тың тілін, дәстүрін жақсы біліп өс­тім. Олар киген шапанды мен де ки­дім, олар тартқан домбыраны мен де шерттім. Бірақ кезінде дом­бы­раның құлағында ойнаған мен қа­зір бұл аспапта ойнауды ұмы­тың­қырап қалыппын. Бірақ аспапта ой­намасам да, есіме түскен қазақ ән­дерін ыңылдап айтып жүремін. Мы­салы, Досмұқасан то­бының  «Таңер­теңнен бір сұлу қыз суға ке­леді… Суға келеді» деген әнін үнемі ай­тып жүремін. Тағы бір айта ке­терлік жайт, қазақша еркін сөйлей ал­майтын кейбір қазақтар менің сөй­легенімді естіген кезде менен ке­шірім сұрайды. Орыс­ша сөйлей­тін қазақ­тардың кінәлауға болмай­ды. Олар да жақсы кісілер, олар да өз халқын өзін­ше жақсы көреді. Бі­рақ олар өсіп-өн­ген жерде қазақ мек­тебі болмаған соң, амал нешік? Элект­р­ші болып жұмыс істеп жүр­ген кезде кө­шеде қазақ жігіттің әйе­лімен кетіп бара жат­қанын бай­қап қал­дым. Қасына барып аман­дас­сам, Павлодардың қазағы екен. Мен оған қазақша сұрақ қойсам, ол маған орысша жауап береді. Сосын ол «Сіз секілді бұлай сөй­лей алмай­мын. Ұялып тұрмын» дейді. Мен «Жі­гітім, ұялма! Сенің кінәң жоқ. Әлі де үйренерсің!» деп арқасынан қақ­тым. Осында тіс емханасы бар Әлібек Хасенов деген қарағандылық жігіт тұрады. Кеңсе­сі­не барған сайын, ол «Сіз келсеңіз, қа­зақша сөй­лесіп, жақсы болып қаламын» деп қуанады.

turkystan.kz 3 pdf.io

– Жаңа әпкеңіздің соңынан ағаңызбен көшкеніңізді айт­тыңыз. Ал қалған әпкелеріңіз Қа­зақстанда қалды ма, әлде олар да кейіннен қастарыңызға келді ме?

– Екі үлкен апайым Семейде тұ­ра­ды. Бір жиенім Нұр-Сұлтанда, ал қал­ғаны Семей жақта тұрады. Үш жездем қазақ болатын, өкінішке қарай, үшеуі де дүние салды. Панде­мияға дейін Қазақстанға жиі барып тұратынмын. Қазір әлемде болып жатқан жағдай уақытша дүрбелең деп ойлаймын. Жағдай тұрақталса, бірден Қазақстанға тартып отыра­мын. Мені ол жақта күтіп жүрген­дер жетерлік. Достарым WhatsApp-тағы топта «Қашан келесің? Сағы­нып қалдық қой» деп жиі жазады. Қа­зақстанға барған сайын, ешқайда соқпай, бірден Сарыжалға барамын. Бірінші әкемнің зиратына барып, гүл қоямын. Сосын жора-жолдас­тарым кезек-кезек үйіне шақырып, бірнеше күн «тойлатып» жүремін. Олар мені Германияға жібергілері келмейді. «Арамызда жалғыз неміс болып жүре берші» дейді. Оларға қа­ным неміс болғанмен жүрегім қа­зақ деп айтамын.

– Суреттеріңізге қарасам, шет­­елдегі қазақтар ұйым­дас­тыра­тын іс-шараларға да барып тұрады екенсіз. Штутгартқа тұрақ­таған қазақтардың түгелі сізді жақсы танып алған болар?

– Иә, осында тұратын қазақ­тар­мен жиі кездесіп тұрамын. Көшеде қа­зақ көріп қалсам, жанынан еле­мей өтіп кетпеймін. Амандасып, те­­­­лефон нөмірін алып, мүмкін­дігін­ше байланыс орнатуға тырысамын. Қо­наққа шақырамын, кейде олар ет асып, мені үйлеріне шақырады. Кей кез­дері таңды таңға ұрып, әңгіме­ле­сіп, үйлеріне қонып шығамын. Сіз бай­қағандай, қазақтар бас қосатын іс-шараларға да жиі барып тұра­мын. Биыл пандемияға байланысты көп жиын ұйымдастырылмай қалды. Бізде жыл сайын Наурызды мерекелеуден бөлек, қымыз тойы өтетін. Ұйымдастырушылар алдын ала хабарландыру жібереді. Қымыз ішіп, кәуап пісіріп, әндетіп, би би­леп, бір марқайып қаламыз. Негізі, бұл тойға көпшілігі қымыз сатып алу үшін келеді. Бірақ, осында әзір­ле­нетін қымызды Сарыжалдың қы­мы­зымен салыстыруға келмейді. Әлем­де Сарыжалдың қымызына же­те­тін қымыз жоқ. Тіпті, бірде Гер­­манияда теледидардан ғалым­дардың Сарыжалдың қымызын пай­далы деп айтқанын естігенмін. Сол себепті, басқа өңірде қымыз дайын­дайтын мамандар ренжіме­сін, бірақ ең таза, ең жақсы қымыз­ды тек сарыжалдықтар әзірлейді.

turkystan.kz 1 pdf.io 1 1

– Германияға көшіп кетке­ніңіз­ге жиырма алты жыл болса да, сөзіңізден Қазақстанға де­ген қимастық сезім мен ыстық са­ғынышты байқадым…

– Әлия-ау…Қалайша сағын­бай­мын?! Ең бірінші қазақтардың өзін са­ғындым. Сосын ауылымды сағын­дым. Онда тұрып жатқан сынып­тас­тарды, жора-жолдастарды са­ғын­дым. Сосын ауылдағы кісілердің әзір­лейтін етін, бауырсағын сағын­дым. Жалпылама айтсам, қазақ­тар­ды қатты сағындым! Өзің де байқап отыр екенсің. Расымен сол ортаны сағынып жүрмін! Шетте жүрсек те, Қа­зақстанмен байланысты есте­лік­терді еске алып, бір күліп аламыз. Өткенде отбасымызбен жиналғанда ауылдағы қызықтарды еске алдық. Бізде Сарыжалда есікті құлыптау деген болмайтын. Жерден бір шы­бық тауып алып, сонымен бекітіп ке­тетінбіз. Біреудің үй жағына ба­рып, есіктің шыбықпен бекітілгенін көрсек, үйде ешкім жоқ екенін бі­леміз. Ешкім баса-көктеп кір­мейді. Ешкім ештеңе ұрламайды. 7-сынып оқып жүргенімде облыстық кө­лем­де Абай тойын тойлап, ат жарыс ұйымдастырылды. Сол кезде Абай ауда­нына қарасты совхоздар киіз үй тігіп, әр ауыл тұрғындары өз ше­берлігін көрсетті. Баламын ғой, ты­ғылыспақ ойнап жүріп, кештің қа­лай батып кеткенін білмей қал­дым. Сөйтіп, Сарыжалдың киіз үйін тауып алып, ұйықтап жатқан кісі­лердің қасына жата салғанмын. Сол түнде үлкендердің біреуі мені та­нып, маңдайымнан сүйіп, көр­пемен қымтағаны әлі есімнен кетпейді. Сол ыстық ықыласты сағынып жүр­генім айтып отырған әңгімемнен-ақ белгілі шығар. Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң, ар­қалан. Сен де бір кірпіш, дүниеге Ке­тігін тап та, бар қалан!» деген өлеңін­­дегідей, тарихи Отаным Гер­манияда өз орнымды тапсам да, туған жерім Қазақстанды сағына­мын!

Әңгімелескен

Әлия ТІЛЕУЖАНҚЫЗЫ

Редакция таңдауы

Тарихшының таланы

Уақыт топырағының астында көміліп қалған ол жұмбаққа ауыспалы ұрпақ­тар өз көзқарасын білдіріп келе жатқанымен, шындықтың түйіні әлі шешіле қойған жоқ. Әл­декімдер Толстойды өлердей жек...

Бүгінгі журналистердің бас ұстазы

Редакциядан: 7 мамыр – радио күні. 1895 жылы осы күні ресейлік физик Александр Попов өзі құрастырған әлемдегі тұңғыш радиоқабылдағышты таныстырған. 1925 жылы тұңғыш рет...

Шәйнектен шыққан хат

«Ескі үйді бұзарда ша­ты­ры­нан қорапқа са­лынған бі­раз ыдыстар тауып алдық, – деді Би­босын жуырдағы бір оқиғаны баяндай бас­тап. – Бұл анамның көзі тірісінде тір­нектеп...

Елорда – егемендік жемісі

Осыдан 23 жыл бұрын 6 мамырда Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен Ақмола атауы Астана болып өзгертілді. Бұл Алатаудан Сарыарқа төсіне бет түзеген қазақ көшіне жаңа серпін,...
16165622 401

Тарихшының таланы

Уақыт топырағының астында көміліп қалған ол жұмбаққа ауыспалы ұрпақ­тар өз көзқарасын білдіріп...
article 45367

Бүгінгі журналистердің бас ұстазы

Редакциядан: 7 мамыр – радио күні. 1895 жылы осы күні ресейлік физик...
sam 2712 1

Шәйнектен шыққан хат

«Ескі үйді бұзарда ша­ты­ры­нан қорапқа са­лынған бі­раз ыдыстар тауып алдық, – деді...

Жаңалықтар

Волкан Бозкыр Израиль полициясының шабуылын айыптады

БҰҰ Жалпы Кеңесі төрағасы Волкан Бозкыр әл-Ақса мешіті сынды тарихи  ғибадат орындарына құрмет көрсетілуі туралы үндеу жасады. Волкан Бозкыр өзінің твиттер парақшасы арқылы мәлімдеме...

Израиль Газа секторына әуе шабуылы жасады

Израиль жойғыш ұшақтары Иззеддин әл-Кассам бригадаларына тиесілі күзет бекетін бомбалады, - деп хабарлайды ТРТ арнасы. Аталған ақпараттың хабарлауынша, Палестина Денсаулық сақтау министрлігі немесе Газадағы ресми...

Жігіті көбейту кестесін білмегені үшін тұрмысқа шығудан бас тартты

Үндістанда күйеу жігіт көбейту кестесін білмегені үшін қалыңдық оған тұрмысқа шығудан бас тартты. Неке қию салтанаты 1 мамыр күні Уттар-Прадеш штатында өтуі керек болған. Қалыңдық...

Иранда 18 маусым күні президент сайлауы өтеді

Иранда президент сайлауына қатысатын кандидаттарды тіркеу 11 мамырда басталады. Бұл шара 4 күнге созылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ИРНА агенттігіне сілтеме жасап. Биліктің үш тармағы басшыларының...

2020 жылы Жер температурасы 3 млн жылдағы жоғары көрсеткішке жетті

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш 2020 жылы Жердің температурасы соңғы үш миллион жылдағы ең жоғары рекордты көрсеткішке жеткенін мәлімдеді. Парниктік газ шығарындыларын азайтуды жауапкершілігіне алған...

Әлемдегі ең сүйкімді иттер анықталды

Сүйкімді иттер тізімін автралиялық овчарка бастайды. Басқа иттердің бойындағы барлық үйлесімді австралиялық овчарканың бойынан табуға болады. Жалпы Австралияда ең алғаш аусси итінің тұқымы өсіріле...

Самал Еслямова мен Сергей Дворцевой «Мəдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды

ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театрында болып «Абай-Тоғжан» музыкалық драмасын тамашалады. «Абай-Тоғжан» музыкалық драмасы адамзат тарихындағы біртуар...

Көкшетаудағы саяжайлар өртке оранды

Кеше сағат 12.44-те «101» пультіне «Целинник» және «Авиатор» кооперативтерінің саяжайларына ауысқан құрғақ шөптің жанғаны туралы телефон хабарламасы келіп түскен. Жалпы ауданы 5 га. Өртті...

Маңғыстау облысының әкімі Боқаевтың шаңырағында болды

Облыс әкімі С.Трұмов Отан үшін от кешкен майдангерді жеңіс мерекесімен арнайы барып құттықтады. Ардагерге құрмет көрсетіп, бейбітшілік пен жарқын болашақты құруға атсалысқаны үшін алғысын...

«Зауалды тосынсый». Нұр-Сұлтан тұрғыны баласының аттракционнан тұншығып қала жаздағанын айтты

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны астанадағы бақтардың бірінде орнатылған  аттракционда қызы тұншығып қала жаздағанын айтып, шағымданды. Бұл туралы  ол «Астана, хочу похвалить, пожаловаться» Facebook тобында жазды. «Бақтарымыздағы...

Мәскеу тұрғындары Әлия Молдағұлованың есімін мектепке қайтаруды сұрады

Мәскеуде Вешняки ауданы тұрғындары жергілікті әкімшілікке Әлия Молдағұлованың есімін мектептердің біріне беру немесе қайтару туралы өтініш берді, - деп хабарлайды "Хабар 24" . Телеарна мәліметі бойынша, әлемдегі...

Коронавирустан емделіп жатқан 798 адамның жағдайы ауыр

9 мамырдағы мәлімет бойынша, 41 878 адам коронавирус инфекциясынан (41 408 КВИ+ және 470 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 14 844 пациент стационарда, 27 034...

Белгілі кәсіпкердің «Өте маңызды» кітабы оқырманға жол тартты

Нұр-Сұлтан қаласында белгілі кәсіпкер, меценат Дулат Тастекейдің «Өте маңызды» атты кітабының таныстырылымы өтті. «Кітап авторы – кәсібін шағын ломбардтан бастап, Қазақстанның барлық өңірінде филиалдарын...

Елбасы қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды 9 мамыр Жеңіс күнімен құттықтады. «Құрметті қазақстандықтар! Жыл сайын 9 мамыр күні біз әкелеріміз бен аталарымыздың адамзат тарихындағы ең сұрапыл...

Бұл мейрам – сұрапыл соғыста жеңіске жеткен батырларымыздың ерлігі мен даңқының символы – Қ.Тоқаев.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. «Қымбатты отандастар! Баршаңызды Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мейрам –...

Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Президентімен өзара ынтымақтастықты тереңдету мәселесін талқылады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы elbasy.kz  сайты хабарлады. Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиёев бір-бірін Ұлы Отан...

Қадір түнінде оқылатын таңдаулы дұғалар

Ғұлама Мужаһит:  «Қадір түні – тағдыр түні.  Оның бұлай аталуының себебі, Алла тағала бұл түні келесі жылғы Қадір түніне дейін кімнің ажалы жететінін, кімге...

«Қасақана улауы мүмкін». Алматыда құстардың жаппай қырылуы тұрғындардың зәресін ұшырды

Алматы тұрғындарын көшеде шашылып жатқан құстардың өлексесі шошытты. Көгершіндердің жаппай қырылуына не себеп болғаны белгісіз.  Арықтар да құстардың өлексесіне толып қалған. Тіпті балалар ойын алаңында...

Қызылорда облысында 5-сынып оқушысы каналға батып кетті

Қызылорда облысы Сырдария ауданында бесінші сынып оқушысы каналға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оқиға Сырдария ауданы Амангелді ауылында болды. «5-сыныпта оқитын ер бала Жетікөл каналына...

Перуде бір айда коронавирустан он мыңға жуық адам қайтыс болды

Перуде сәуір коронавирустан ең көп адам қайтыс болған қасіретті айға айналды. Associated Press агенттігінің хабарлауынша, бұл елде өткен айда 9 жарым мың тұрғын ажал...

Қазақ-қытай шекарасында жер сілкінді

Жер сілкінісі Алматы уақытымен 8.53-те тіркелді, эпицентр екі елдің шекарасында орналасқан Қазақстандық сейсмологтар Қазақстан мен Қытай шекарасында, Алматыдан шығысқа қарай 320 шақырымда жер сілкінісі болғанын...

«Жағдайы ауыр». Қызылордада 1 жасар сәби кәріз суы құйылатын шұңқырға құлап кетті

Қызылорда облысы Шиелі ауданында жеке тұрғын үйдегі кәріз суы құйылатын шұңқырға бір жастағы сәби түсіп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оқиға Шиелі ауданы Қодаманов ауылындағы тұрғын...

«Қадір түні – тағдыр түні». Бас мүфти қазақстандықтарға Қадір түніне байланысты үндеу жасады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫНЫҢ қазақстандық барша мұсылман қауымға арнаған үндеуі мүфтият сайтында жарияланды. Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!...

«Алыптармен айқас». Головкин өз еркімен чемпиондық атағын қорғамақ

IBF бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, КО) WBA суперчемпионы жапондық Риота Муратамен (16-2, 13 КО) желтоқсандағы бірлескен жекпе-жектен бас тартпайды. Бірақ алдымен...

Грузияда қайтыс болған қазақстандық қыздың өлімі туралы марқұмның әпкесі айтып берді

26 жастағы қазақстандық Әсел Айтбаеваның Грузияда қайтыс болғаны жайлы мәлімет қоғамда үлкен резонанс тудырды. Марқұмның әпкесі болған оқиғаның күдікті тұстары туралы айтып берді. Экспресс К басылымына берген сұхбатында...

«Қайда құлайтыны белгісіз». Жерге 22 тонналық зымыран жақындап келеді

Бақылаудан шығып кеткен Қытайлық Long March 5B ауыр зымыран тасығышы алдағы демалыс күндері (8-9 мамыр) атмосфераға өтіп, жерге құлауы мүмкін, - деп хабарлайды Liter.kz...

Алексей Цой 15 миллион теңге сыйақыға қатысты мәлімдеме жасады

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой депутат Азат Перуашевқа жауап қайтарды, - деп хабарлайды Stan.kz. Министрлік "Айтылған фактінің Денсаулық сақтау министрлігіне ешқандай қатысы жоқ" деп мәлімдеді. "Бонустық...

Каспий теңізінің түбін тереңдетуге дайындық жүріп жатыр

Каспий теңізінің түбін тереңдетуге белсенді дайындық жүріп жатыр. Мамандар мен ғалымдар балықтардың азық базасына қаншалықты шығын келгенін білу үшін су қоймасының түбіне мониторинг жасалуда,...

Қазақстан Қырғыз Республикасына көмек ретінде 10 мың тонна ұн жібереді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Қырғыз Республикасына гуманитарлық көмек ретінде 10 мың тонна ұн жіберуді тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі...

Ішімдіктен бас тартқан ауылда бір жарым жыл бойы бірде-бір қылмыс тіркелмеген

Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы Жиделіарық ауылында бір жарым жыл ішінде бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Ауылдың тыныс-тіршілігі және учаскелік инспектордың жұмысы туралы ІІМ-нің ресми сайтында баяндалады,...

Барлық ер адам әскери борышын өтеуге міндетті ме? – Жастардың пікірі

«Қазақстан жастары» әлеуметтік зерттеуінің 2020 жылғы қорытындысына сәйкес,  сауалнамаға қатысқан респонденттердің басым көпшілігі (59,6%) әскери қызметке оң көзқарасын білдірген. 34,4% респондент бейтарап көзқараста екенін...

Нұр-Сұлтанда сауда орталықтары мен базарлардың жұмыс кестесі өзгерді

Елорданың бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, сауда орталықтары жаңа режимде жұмыс істейтін болады, - деп хабарлайды zakon.kz. Жаңа жұмыс кестесі бойынша сауда орталықтары жұмыс...

Қадір түнін мешітте қарсы алуға рұқсат па? – ҚМДБ мәлімдемесі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қадір түніне қатысты мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды turkystan.kz. Мәлімдемеде эпидахуалды одан сайын күрделендірмеу үшін Қадір түнінде мешітте орындалатын діни...

Генералдар қатары 19-ға көбейді

Ақордада жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер, сондай-ақ, әскерилер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне салтанатты түрде ордендер мен медальдар тапсыру рәсімі өтті, -...

Теңізде жұмысшылар ереуілге шықты

Атырау облысында "Теңізшевройл" мердігерлік ұйымының "ҚазҚұрылысСервис" жұмысшылары жалақы есептеу жүйесіне наразылығын білдіріп, ереуіл ұйымдастырды, деп хабарлайды zakon.kz Ақжайыққа сілтеме жасай отырып. "Қазқұрылыссервис" компаниясының басшылығы мәселені...

Қорғаныс министрлігі ерекше көзге түскен Отан қорғаушыларды марапаттады

Отан қорғаушылар күніне орай Президенттің Жарлығымен Қарулы Күштердің 23 өкілі мемлекеттік наградаға ие болды. Ерекше көзге түскен әскери қызметкерлерге Қорғаныс министрлігінде де құрмет көрсетілді....

Түркіменстан ардагерлері Жеңіс күні президенттен алатын сыйлыққа өздері ақша төлейді

Түркіменстанда Екінші дүниежүзілік соғыс және тыл ардагерлері өздеріне берілетін сыйлыққа ақша өткізуге міндеттелді, оларды 9 мамыр күні елдің президенті Гурбангулы Бердімұхамедов табыстайды. Бұл туралы...

Қазақстан Үндістанға көмек жібереді

Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады, - деп хабарлайды akorda.kz. Мемлекет басшысына санитарлық-эпидемиологиялық ахуал, халыққа вакцина салу, сондай-ақ еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері туралы баяндалды. Асқар...

Еліміздің 2 ірі әуежайына «Ashyq» қосымшасы енгізіледі

Нұр-Cұлтан және Алматы қалаларындағы халықаралық әуежайына жолаушылар «Ashyq» қосымшасы арқылы кіретін болады. Бұл туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысында жазылған. Қаулыға сәйкес, «Ashyq» қосымшасы...

Бас мемлекеттік санитар дәрігердің вакцина туралы қаулысына өзгеріс енді

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды. Құжат мәтініне сәйкес, вакциналау тәртібіне өзгеріс енгізілген. «Вакцинацияны екі кезеңмен жүргізеді: 0,5 мл дозада I компонентпен,...

Журналиске ренжіген Жаркенттің «дөрекі» әкімі қатаң сөгіс алды

Жаркент әкімі Болат Омаров 24.kz телеарнасының журналисіне берген сұхбаты мен жүргізушілермен кездесудегі дөрекі жауаптары үшін қатаң сөгіс алды, – деп жазды Tengrinews.kz. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Шымкентте әуе шары құлап, 4 мың отбасы жарықсыз қалды

6 мамырда сағат шамамен 20:24-те Тұран шағынауданында жеке кәсіпкер әуе шарын жинау барысында апатты оқиға болды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Бекен Қоныс...

Алматы халықаралық әуежайына жаңа басшы тағайындалды

Мете Еркал Алматы халықаралық әуежайының президенті болып тағайындалды, – деп хабарлады TAV Airports баспасөз қызметі. Бұған дейін ол TAV Airports Holding-те операцияларды үйлестіру менеджері және...

Елімізде өткен тәулікте 2840 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте 2840 адамнан коронавирус анықталды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 586, Алматы қаласы - 689, Шымкент қаласы - 139,...

7 мамыр: еліміздің тарихындағы маңызды оқиғалар

1992 жылы 7 мамырда Президент Жарлығымен Мемлекеттік қорғаныс комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі болып генерал-полковник Сағадат Нұрмағамбетов...

Мемлекет басшысы халықты Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады, – деп хабарлады Ақорданың ресми сайты. «Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді Отан қорғаушы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Біз бұл күні Қарулы...

Нұр-Сұлтан қаласы бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

Нұр-Сұлтан қаласы бас санитар дәрігері Сархат Бейсенованың жаңа қаулысы шықты. Құжатта бұқаралық іс-шараларды, ауызашар, банкет, үйлену тойы, мерейтой, еске алу сияқты отбасылық іс-шараларды өткізуге, сондай-ақ, митингі,...

Бүгін – Отан қорғаушылар күні

1992 жылғы 7 мамырда Мемлекеттік қорғаныс комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. Дәл осы күні ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қарулы...

Еліміздің үш өңірінде үсік жүреді – Қазгидромет

Қазгидромет 7 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынады. Қазақстан территориясының басым бөлігінде фронталды бөліктің өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы күтіледі. Кей жерде жаңбыр жауады, найзағай...

19 жасар таксисті өлтіріп кеткендер ұсталды

«Ақмола облысында 19 жасар таксисті өлтіріп кеткен екі жас адам ұсталды», − деп хабарлайды «Казинформ» тілшісі. Осы жылдың 4 мамырында күндізгі сағат 16.17-де Бурабай ауданы...

Нұрдәулет Иманәліұлы: Деструктивті материалдарды тарату, басқа платформаларға жіберу заң бұзушылыққа жатады

Тұтас елдің діни қауіпсіздігі, қай тұсынан қарасақ та, ел үшін маңызы жоғары. Дін жолын өз бетінше қабылдай бергеннің ақыры қолына қару алып,  лаңкестердің лаңынан...

Қазақ қызы Грузияға жұмысқа кетіп, белгісіз себептен қаза тапқан…

Бұл ақпарат ҚР Сыртқы істер министрі мен Грузияның Ішкі істер министрлігі тарапынан расталған. Белгісіз жағдайда көз жұмған қыздың аты-жөні Әсел Айтпаева. Марқұмның сіңлісі Айна Айтпаеваның...

Мемлекет басшысы қырғыз еліне гуманитарлық көмек көрсету туралы шешім қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас қырғыз еліне Қазақстан халқының атынан гуманитарлық көмек көрсетуге шешім қабылдады. «Қырғыз Республикасымен арадағы дәстүрлі достық, одақтастық және стратегиялық серіктестік қағидаттарды басшылыққа ала...

Елордалық оқушы Ұлыбритания патшайымынан хат алды

16 жастағы елордалық оқушы өткен жылдың соңында Ұлыбритания патшайымы II Елизаветаға хат жолдаған. Осы жылдың басында ол хатқа жауап алыпты, - деп хабарлайды sxodim.astana. Өз...

Ақтөбеде Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайына батырдың мүсіні орнатылды

Ақтөбенің халықаралық әуежайына Әлия Молдағұлова есімі 28 сәуір күні берілген еді. Бүгін ресми таныстырылып, батыр қыздың бюсті орнатылды. Жиында батырдың туыстары, оның өмірін зерттеп...

«Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесінің жеңімпаздары белгілі болды

Елордада «Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесінің 2021 жылғы жеңімпаздары марапатталды. Жеңімпаздар 10 аталым бойынша марапатталды. Оларға естелік мүсінше мен 1 млн теңге сыйақы берілді. «Үздік ақпараттық бағдарлама»...

Ұлы Отан соғысының батырларына арналған онлайн портал іске қосылды

Казақстандық блогерлер мен қоғам белсенділері Ұлы Отан соғысының батырларына арналған порталды іске қосты. Қазақстандық блогерлер мен қоғам белсенділері «Мәңгілік полк» акциясын онлайн форматта өткізу үшін портал жасап...

Университет аумағында «Елбасы саябағы» ашылды

Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Елбасы саябағы» ашылды. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне бой түзеген ағаштар...

Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің туғанына 70 жыл

Бүгін қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің туған күні.  Классикалық күрестің шын шебері көзі тірі болса 70 жасқа толар еді. Өкінішке қарай, әлемді...

Демалыс және мереке күндері вакцина салу жалғасады

Алматыда демалыс және мереке күндері вакцина салу жалғасады. Бұл туралы «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК Алматы қалалық филиалының директоры Гүлнар Ысқақова айтты. «Қазақстанда...

«Кінәм жоқ»: Елжан Біртанов сотта мәлімдеме жасады

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ешқандай заңсыз әрекет, әсіресе коронавирус пандемиясы кезінде жемқорлық қылмыстарын жасамағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды  Sputnik "Бұрынғы денсаулық сақтау министрі...

«Тұмар» ұлттық телевизия бәйгесінің марапаттау рәсімі өтіп жатыр

Елордадағы Қазмедиа орталығында «Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесі жеңімпаздарын марапаттау рәсімі басталды. Биылғы «Тұмар» V ұлттық телевизиялық сыйлығының номинанттарының шорт-парағына 40 финалист енді. Сыйлық алуға 10...

Тарихшының таланы

Уақыт топырағының астында көміліп қалған ол жұмбаққа ауыспалы ұрпақ­тар өз көзқарасын білдіріп келе жатқанымен, шындықтың түйіні әлі шешіле қойған жоқ. Әл­декімдер Толстойды өлердей жек...

Жақсылыққа – жақсылық әр адамның ісі

Неге екенiн қайдам, соңғы кезде «Адамдар арасында мейiрiмдiлiк, қайы­рым­дылық, кiшiпейiлдiк, жанашырлық, бауырмалдық азайып, жүрекке жайлы тиетiн iзгi iстер сиреп бара жатыр» деген сөздердi жиi...

Бүгінгі журналистердің бас ұстазы

Редакциядан: 7 мамыр – радио күні. 1895 жылы осы күні ресейлік физик Александр Попов өзі құрастырған әлемдегі тұңғыш радиоқабылдағышты таныстырған. 1925 жылы тұңғыш рет...

Шәйнектен шыққан хат

«Ескі үйді бұзарда ша­ты­ры­нан қорапқа са­лынған бі­раз ыдыстар тауып алдық, – деді Би­босын жуырдағы бір оқиғаны баяндай бас­тап. – Бұл анамның көзі тірісінде тір­нектеп...

Қарулы күштің қалқаны қару ғана емес

Қазақстан Тәуелсіздігін жариялағаннан кейін өз алдына Қарулы Күштерін құру туралы маңызды міндет қойды. Алғаш 1991 жылы 25 қазанда Елбасының Жарлығымен құрылған Қор­ғаныс комитеті кейін...

Елбасы халықты Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады, – деп жазды elbasy.kz. «Құрметті қазақстандықтар! Баршаңызды Отан қорғаушы күнімен құттықтаймын! Тәуелсіздік жылдарында еліміздің...

Алматы әкімдігі вакцинадан қайтыс болды делінген азаматқа қатысты пікір білдірді

Алматы әкімдігі вакцинадан қайтыс болды делінген алматылыққа қатысты пікір білдірді. «Әлеуметтік желіде Алматы тұрғыны Б.Н. өлімі жайлы ақпарат тарауда. Алматы қаласының әкімдігі марқұмның туыстарына көңіл...

Маңызды мәселелер қаралды

Тұрғын үй-коммуналдық шаруа­­шылығы саласында қорда­ланған мәселелерді шешу үшін нұро­тандықтар иесіз желілерді пай­даланушы ұйымдардың мен­шігіне өтеусіз беру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Электр қуаты мен жылу тариф­терінің бұдан...

Елорда – егемендік жемісі

Осыдан 23 жыл бұрын 6 мамырда Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен Ақмола атауы Астана болып өзгертілді. Бұл Алатаудан Сарыарқа төсіне бет түзеген қазақ көшіне жаңа серпін,...

Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болып Жұмашев Қаныбек Бекболатұлы тағайындалды. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Telegram каналы...

Президент Жарлығымен бірқатар әскери қызметшілерге әскери шендер берілді

Ақорданың ресми сайты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен әскери атақ алған қызметшілердің тізімін жариялады. Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер және біліктілік сыныбын беру...

Тәуелсіздік күнтізбесі

1992 жылғы 6 мамырда Қазақстан мен Дания Корольдігі ара­сында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы Хаттамаға қол қойылды. 1992 жылғы 7 мамырда Президент Жарлығымен Мем­лекеттік қорғаныс комитеті...

Алмас Мыр­затай: Porshe-де басталған еңбек жолым Microsoft-та сәтті жалғасты

Былтыр Microsoft компаниясы Microsoft Translator тіл­дер то­бына қазақ тілі­нің қосылғанын ресми түр­де хабарлаған бо­ла­тын. Сондай-ақ, биыл ақ­пан айында қазақ ті­лінің Microsoft Teams плат­формасына енгі­зіл­гені...

«Қазпошта» онлайн сауда нарығын дамытып жатыр

«Қазпошта» биылғы жылдың алғашқы тоқсанында 4 миллионға жуық сәлемдеме жеткізген. Компанияның жұмысы, пандемия кезінде де тоқтаған жоқ. Ұлттық пошта операторының арқасында 140-қа жуық мемлекет...

Тілегі бірдің тілі де бір болса…

«Кемедегінің жаны бір» дейді қазақ мәтелінде. Демек бір мем­ле­кет­те өмір сүріп жатқан халықтың да мемлекет мүддесі тұрғысынан ау­зы бір болуы тиіс. Бірлік үшін не...

«Түркістан» кемесі теңізге жол тартты

Орал қаласында жаңа «Түркістан» кемесі салтанатты түрде теңізге жол тартты. «Зенит» Орал зауыты АҚ құрастырған шағын қарауыл кемесіне «Түркістан» атауы берілді. ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің...

НАТО-ның грантын ұтып алған ғалым

Сейтхан Азатұлы – 2004 жылы Қытай елінен көшіп келген қандасымыз. Ол бүгінде Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің (Satbayev university) Химия және биологиялық...

Азат елдің армиясы − тәуелсіздік тірегі

Армия − елдің айбыны. Мемлекет тұтастығы мен қауіпсіздігінің ең басты кепілі. Демек, елдің Қарулы күші қаншалық мықты болса, сол елдің өсіп-өркендеуі мен дамуы да...

Ешқандай тоқ көзі жоқ: БҚО-да 6 жастағы қыздың өліміне қатысты жаңа дерек пайда болды

Батыс Қазақстан облысы Деркөл ауылында ойнап жүрген алты жасар қыз күмәнді жағдайда мерт болды. Газ құбырын екі қолымен ұстаған Айяның неден көз жұмғаны көпшілікке...

Айтылды – орындалды

Биыл жыл басынан бері Мемлекет басшысының Баспасөз қызметі «Айтылды – орындалды» айдарымен Президент тапсырмаларының орындалу барысынан ел-жұртты хабардар етіп отыратын жақсы үрдіс бастады. Осы арқылы...

«Бейқам өмір сүрдім деп айта алмаймын»: Сабина Алтынбекова өмірінің күрт өзгергені туралы айтты

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова өмірінде болып жатқан өзгерістер туралы айтты, - деп хабарлайды zakon.kz. Тұрмысқа шыққанға дейін мен мүлдем басқаша едім, батыл, тез ашуланшақ, тіпті...

Алексей Цой вакцинаның екінші компонентін алу мерзімі неліктен ұзартылғанын түсіндірді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой "Спутник V" екінші компонентін алу мерзімі неліктен ұзартылғанын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Бізге вакцинаны әзірлеген Гамалея атындағы орталықтан хат...

Атырауда Азия чемпионын атып өлтірген күдіктіге жаза кесілді

Атырауда Есенбек Сиғуатовты атып өлтірген қылмыскер 15 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.  Сот үкіміне екі тарап та наразы болған. Марқұмның ата-анасы...

Жоғалып кеткен кәсіпкер өлі күйде өзеннен табылды

Қарағанды облысында жоғалып кеткен кәсіпкер Нұрлан Сүлейменов өлі күйде табылды, - деп хабарлайды ҚазТАГ. "5 мамырда Қарағанды облысы ТЖ сүңгуірлері мен учаскелік полиция инспекторлары іздестіру...

Прокурор Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін одан әрі ұзартуды сұрады

Мемлекеттік айыптаушы соттан бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімін 2021 жылдың 14 маусымына дейін ұзартуды сұрады. Осыдан екі апта бұрын ғана үйқамақ...

Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасының президентіне жеделхат жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына орай Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровқа құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды akorda.kz. – Бүкіл халық қолдаған...

МӘМС: Елордалықтар жыл басынан бері 12,7 миллиард теңгеден аса жарна аударған

«Елордалықтар 2021 жыл басталғалы бері, яғни қаңтар-сәуір айларында медициналық сақтандыру үшін  12,7 млрд теңгеден аса жарна аударды, ал сәуір айында МӘМС үшін 3,7 млрд...

Ақмола облысында жолаушылар 19 жастағы такси жүргізушісін өлтіріп кеткен

Ақмола облысында мас жолаушылар өздерін жеткізіп тастаудан бас тартқан 19 жастағы такси жүргізушісін өлтірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 4 мамырда Бурабай ауданының полиция бөлімінің кезекші...

Індет жұқтырғандар саны күрт өсті: Өткен тәуліктегі эпидемиологиялық ахуал

Елімізде өткен тәулікте 2443 адамнан коронавирус анықталды, - деп хабарлайды coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 398, Алматы қаласы - 651, Шымкент қаласы - 70,...

Дүниежүзілік вакциналар конгресі коронавирусқа қарсы ең жақсы вакцинаны анықтады

Дүниежүзілік вакциналар конгресі (World Vaccine Congress Washington) американдық Moderna препаратын коронавирусқа қарсы ең жақсы вакцина деп жариялады. Шорт-тізімге "Спутник V", сонымен қатар AstraZeneca, Bharat Biotech,...

Израиль Сирияны зымыранмен атқылады

Араб Әмірліктерінің ақпарат құралдарының хабарлауынша, шабуылдан 1 адам қаза тауып, 6 адам жарақат алған. Құрбан болған және зардап шеккен тұрғындардың барлығы - бейбіт тұрғындар. Арасында...

Жеті облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Жеті облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды 24.kz. 6 мамырда Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20...

6 мамыр: Есте қалған елеулі оқиғалар

1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Дания Корольдігі арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы Хаттамаға қол қойылды. 1993 жылы Алматыда Республикалық кино үйінде 1991-1993 жылдары жасалған фильмдердің...

Билл Гейтстің әйелі қанша ақшаға ие болатыны анықталды

Билл Гейтстің әйелі Мелинда ажырасу кезінде құны 1,8 млрд доллар болатын құнды қағаздарды иеленді. Microsoft компаниясының негізін қалаушының әйелі Канада ұлттық теміржол компаниясының 1,5 млрд...

Электросамокат мінгендер ескеруі тиіс ережелер

Жас баладан бастап, үлкен жастағы адамдарға дейін электросамокатпен жүру ыңғайлы. Электросамокаттың ерекшелігі электр қозғалтқышы мен аккумуляторының болуында. Тіпті жанармай құйып әуреге салмайды. Электросамокатқа көлік...

Ұлыбританияда 50 жастан асқандарға вакцинаның үшінші дозасы салынады

Ұлыбританияның 50 жастан асқан тұрғындарына биыл күзде коронавирус инфекциясынан вакцинаның үшінші дозасын салу ұсынылды. Қазіргі уақытта елдің бас санитарлық дәрігері Крис Уиттидің жетекшілігімен екі түрлі...

Бөдене мың ауруға шипа

Бөдене туралы еліміздегі алғашқы ғылыми зерттеу жұмысының авторы, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің PhD докторанты Мұхтар Байбатшановтың пікіріне сүйенсек, Чернобыль апатынан кейін ғалымдар апат аймағында...

Мәдина Әбілқасымова Тимур Әбілқасымовты кеңесші етіп тағайындады

Экономист Тимур Әбілқасымов қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды агенттіктің ресми сайты. “Тимур Әбілқасымов тағайындалғанға дейін “Radius Advisory Lab” консалтингтік...