Жарна жинағы жаныңызға дауа бола ала ма?

2016 жылғы 1 шілдеде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын құру туралы Үкіметтің қау­лысы жарияланды. Елімізде міндетті әлеуметтік ме­дициналық сақтандыру жүйесі енгізілді. Дамыған елдер­дің барлығы дерлік әлдеқашан осы жүйеге ауысып, ха­лық­ты сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз етіп отыр. Біз де осы жүйеге көшу арқылы аз ақшаға са­па­лы ме­­­дициналық көмек алуды жолға қоюды мақсат еттік. Со­дан бері бір жыл өтті. Бірақ әлі күнге дейін сақ­тандыру қо­рының қалай жұмыс істейтіні туралы жіті біле бер­мей­тін адамдардың көп екенін байқаймыз. Дер ке­зінде қажет ем-дом ала алмағандарын айтып шағым­дан­ғандар да же­терлік.

health insurance11

Медицина ұйымдарының атына  8 мыңға жуық шағым түскен

«Әлеуметтік медициналық сақ­тан­дыру қоры» коммерциялық емес ак­ционерлік қоғамы Үкіметтің 2016 жыл­ғы 1 шілдедегі №389 қаулысы бойын­ша құрылған. «Міндетті әлеу­меттік медициналық сақтандыру тура­лы» заңға сәйкес барлық азамат сақтандыру жарнасын төлеуге міндетті. Қор жұмысының ережесіне сәйкес, жарналар мен аударымдар тү­гелімен Ұлттық банктегі Әлеу­мет­тік медициналық сақтандыру қо­ры­ның есепшотына түседі. Мұның бар­лығына Мемлекеттік кірістер ко­митеті бақылау жүргізіп отырады. Қар­жылық есептер «Азаматтарға ар­на­лған үкімет» мемлекеттік кор­по­ра­циясында сақталады.

2019 жылы сол кездегі Денсаулық сақ­тау министрі Елжан Біртанов жаңа жүйе аясында халыққа тегін ме­дициналық қызмет көрсететін бар­лық мекемелермен келісімшартқа қол қойылғанын мәлімдеген еді. Қа­зіргі кезде сақтандыру аясында ел бойын­ша 2 458 медициналық мекеме ха­лыққа көмек көрсетіп отыр. Олар­дың 60 пайызы – жекеменшік кли­ни­калар. Бірақ жекеменшік клини­каға МӘМС арқылы тексерілу үшін кли­ника міндетті әлеуметтік меди­ци­налық сақтандыру қорымен келі­сім­шартқа отырған болуы тиіс.

Яғни, сақтандыру қорына жарна тө­леген әр адам ел аумағындағы өзі таң­даған кез келген емханада ме­ди­ци­налық көмек ала алады. Оның ішін­де жоспарлы стационарлық кө­мек, дәрі-дәрмек, жоғары маман­дан­дырылған медициналық қызмет түрлері мен оңалту, диагностикалық-кон­сультациялық көмек, медбике кү­тімі мен паллиативтік көмек те бар. Онымен қоса ем-домға кететін қо­сымша шығындардың барлық түрі­нен де босату қарастырылған. Бі­рақ бұл жүйе бар халыққа ортақ бол­ғандықтан, жарнаңызды ауруха­наға жүгінбесеңіз де қайтып ала ал­май­сыз. Ай сайынғы төленген жарна сізді сол бір ай уақыт мерзімінде ғана сақтандырады.

Кезек күттіретін әрі қалтаға да сал­мақ түсіретін компьютерлік то­мог­­­рафиядан өту, МРТ сияқты қыз­мет­терді сақтандырылған тұлғалар­дың бәрі пайдалана алады. Елімізде ЭКО арқылы дүниеге келген сәбилер­дің саны жыл өткен сайын артып ке­леді. Үкімет жасанды ұрықтандыру­ды тегін медициналық көмектің ті­зіміне кіргізуді 2017 жылы қарас­тыр­ған болатын. Сәйкесінше, жыл сайын бөлінетін квота да көбейеді. Бұл, ра­сы­мен де халық үшін зор мүмкін­дік. Алайда, сақтандыру қорына уақ­тылы ақша аударғанымен, көмек ала алмай жүрген адамдар жетерлік. Сақтандыру арқылы көрсетілетін медициналық қызметтің сапасы сын көтермей тұрғанын алға тартады. Әрі ұзақ күтуіңіз керек, кей медициналық мекемелерден іздеген маман табыла қоймайтын көрінеді. Сол себепті де, жарна төлей тұра ақылы клиникалар­ға қаралатындардың саны азаймай отыр.

i 1 page 0001

Сақтандыру қорының мәліме­тін­ше, сапасыз қызмет көрсетілсе не­ме­се басқа да олқылықтар кездессе сақ­­тандыру қоры сіздің құқықта­рыңыз­­ды қорғайды.

Сақтандыру қорының сайтын­да­ғы өзге де деректерге сәйкес, өткен жыл ішінде қорға 720 мыңға жуық өті­­ніш түскен. Бұл туралы ОКҚ өткен бри­­фингте ӘМСҚ Басқарма төрағасы Б.Тө­кежанов мәлімдеді. Осы өті­ніш­тер­дің ішінде медициналық ұйым­дар­дың атына 8 мыңға жуық шағым түс­кен. Халық көбінесе консульта­ция­лық-диагностикалық қызмет­тер­дің қолжетімсіздігіне (жабдықтың болмауы, күту ұзақтығы, жолда­ма­ның берілмеуі, кадр тапшылығы), ме­­дицина қызметкерлерінің дөре­кілігі мен біліксіздігіне, медициналық көмек көрсету сапасына, ақылы қыз­меттерге жіберуге, ауруханаға жат­қызудан бас тартуға т.б. шағым­данған.

Әлеуметтік медициналық сақ­тан­дыру қорының баспасөз қызметі ма­мандардың қабылдауын күту 10 күн­нен аспауы тиіс екенін айтады.

– Пациенттің құқығын қорғау – Әлеу­меттік медициналық сақ­тан­дыру қорының мақсаттарының бірі. Бұл бағытта көп жұмыс атқарылып жа­тыр. 1 406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы,
@SaqtandyryBot Telegram-боты не­месе қордың ресми сайты арқылы біз­бен байланысуға болады. Сондай-ақ қор қызметкерлері ТМККК және МӘМС шеңберінде халыққа көрсе­тіл­ген медициналық көмектің сапа­сы­на тұрақты түрде мониторинг жүр­­­­гізеді. Егер қандай да бір ұйымға па­циенттен шағым келіп түссе, қор жос­пардан тыс тексеру жүргізуге құ­қы­лы. Халық­ты өз құқықтарының бұ­зылуын ес­керу­сіз қалдырмауға ша­қы­рамыз, – дей­ді Әсия Аймагам­бетова.

Сақтандыру қоры жеке клиниканың басшы­ла­ры­на ғана тиімді болып отыр

Медицина сарапшысы Қайыр­ға­ли Көнеев мұндай мәселелерді рет­теу үшін ақылы қызмет көрсе­те­тін ме­дицина мекемелерін сақтан­дыру бойын­ша қарайтын емханалар­дан бө­ліп тастау керегін айтады.

– Көптеген елдерде, мысалы Ұлыб­ританияда клиника сақтандыру ар­қылы жұмыс істесе, онда басқа ақы­лы қызметтер көрсете алмайды. Бұл – жемқорлықтың алдын алу үшін қолданылған шара. Ал бізде қалай? Сіз клиникаға барасыз, келген се­бе­біңізді айтасыз, сізге қорытындысын 2 ай күту керек екенін айтады. Сөй­те­ді де, ақылы қызмет ұсынады. Ол 1 сағатта-ақ дайын болады. Ақылы да, те­гін де қарайтын бір-ақ дәрігер, сіз ақша төлегеннен кейін бос отырған бо­лып шығады. Неге олай? Себебі кли­никалар сізден де, қордан да ақ­ша алуды мақсат етеді. Солайша, сақ­­тандыру қоры халыққа да, дәрі­гер­лерге де емес, жеке клиниканың бас­шыларына ғана тиімді болып отыр.

Негізінде сақтандыру болғаннан кейін, ақылы клиника деген түсінік мүлде болмауы керек. Бірақ, оларды қал­дырамыз деп жатыр ғой, жақсы, қал­дырсын, тек ақылы түрде емдей­тін медициналық мекемелер сақ­тан­дыру қорымен келісімшартқа отыр­мауы керек. Ал сақтандыру қоры ар­қылы пациент қабылдап отырған кли­никалардың ақылы түрде адам қа­былдауына тыйым салу керек, – дей­ді сарапшы.

Қорға жарна аударудың тәртібі қандай?

Жарнаны жұмыс беруші аудара­ды. Әу баста жарна жалақы көлемінің 1,5 пайызына тең болды. 2020 жылы бұл сома 2 пайызға көбейді. 2020 жыл­дан бастап жұмысшыларға 1 пайыз көлеміндегі жарнаны табы­сы­нан төлету жоспарланып отыр. Алай­да бұны олар өз бетімен төлемейді – жұ­мыс беруші айлығынан ұстап қа­лады да, қорға аударады. Алға қарай жұмысшының жарнасы табысының 2 пайызына дейін ұлғаяды.

Қарамағындағы қызметкерлері ме­дицина ұйымдарының көмегіне жү­гінбеген жұмыс берушінің аудар­ған аударымдары да қайтарылмайды. Төленген қаражат осы аралықта сыр­қаттанып, медициналық көмекке жүгінген, сақтандырылған адамдар­дың еміне жұмсалады.

2020 жылдың 12 айында міндетті әлеуметтік медициналық сақтан­дыру­ға шамамен 550 млрд теңге ау­да­рылған. Ең көп жарна мемлекеттен түскен: 15 санаттағы азаматтар үшін 297,6 млрд теңге бөлініпті. Жұмыс берушілердің өз қызметкерлері үшін аударған жарналарының жалпы сомасы 162,6 млрд теңге болған.

i 2 page 0001

Медициналық сақтандыру жүйе­сі дүниежүзі бойынша кең таралған. Со­ның ішінде Германия – әлеуметтік медициналық сақтандырудың отаны саналады. Ең алғаш 1848 жылы Бер­лин­де полиция қызметкерлеріне қыз­мет көрсететін сақтандыру кас­сасы ашылған, ал 1883 жылы канцлер Отто фон Бисмарктың бастамасымен «жұмысшыларды сақтандыруға қа­тысты заң» қабылданыпты. 2007 жыл­дан бастап елдің әрбір тұрғыны ме­дициналық сақтандыруды алуға міндетті. Ал Швейцарияда елде 3 айдан астам уақыт болған әрбір адам негізгі медициналық сақтандыруды алуы керек. Қай сақтандыру компа­ния­сын таңдайсыз – өз еркіңізде. Бі­рақ, Еуропаның көптеген елінде сақтандыру болса да, жедел жәрдем мен дәрі-дәрмек ақылы.

Қорыта айтқанда, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры – халыққа тегін әрі сапалы медициналық көмек көрсетуге жағдай жасайтын жақсы бастама. Қор мен медицина мекемелерінің арасындағы байланыстың әлсіздігі ме, әлде еліміздегі медицинаның ахуалынан ба, әйтеуір сақтандыру арқылы ем алуға ниетті халыққа кедергі көп болып тұр. Дегенмен, көш жүре түзеледі деген бар, бізге енді ғана енгізіліп жатқан сақтандыру жүйесі алдағы уақытта өз нәтижесін беретінінен үміттіміз.

Back to top button