227
Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік ақысын төлемегендерге айыппұл салынды
Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік ақысын төлемегендерге айыппұл салынды

Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көлік ақысын төлемеген жолаушылар жазаға тартылды.
«2020 жылдың қорытындысы бойынша Көлікті бақылау департаментінің қызметкерлері жол жүру ақысын төлеуден жалтарудың 207 мыңнан астам фактісін анықтады. Оның ішінде 3 мыңға жуық азамат әкімшілік жауапқа тартылып, жалпы сомасы 16 млн теңгеден астам айыппұл салынды», – деді CTS (City Transportation Systems) ЖШС-нің баспасөз хатшысы Оксана Лоскутова.
Оның айтуынша, елордада қоғамдық көліктерде рейд күнде жүргізіледі.