257
Атыраудағы газ өңдеу зауытының құрылысына 1,2 млрд доллар инвестиция салынбақ
Атыраудағы газ өңдеу зауытының құрылысына 1,2 млрд доллар инвестиция салынбақ
![Атыраудағы газ өңдеу зауытының құрылысына 1,2 млрд доллар инвестиция салынбақ](https://turkystan.kz/cache/imagine/1200/uploads/resized-images/2021/01/d85df65a-27c2-4ab5-8858-9f088e024923.jpeg)
Атырау облысындағы Ескене кентінің маңында бой көтеретін газ өңдеу зауытының құрылысына 1 млрд 250 млн доллар инвестиция салынады. Мақат ауданының әкімі Шәкір Кейкин онлайн-режимде өткен халыққа есеп беру кезінде осылай деді.
«Ескене кентіне таяу жерде жылына 1 млрд текше метр газды кешенді дайындау зауытының құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. Жобаның құны – 1 млрд 250 млн доллар. Каспий теңізіндегі «Қашаған» кен орнының газын өңдейтін нысанның құрылысын «GPC Investment» ЖШС жүргізеді. Зауыт құрылысы биыл басталып, 2023 жылы аяқталады. Құрылысты жүргізу кезінде 3 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылады. Ал, зауыт пайдалануға берілген соң 450 адам тұрақты жұмысқа орналасады», – деді Шәкір Кейкин.