6 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды – Қазгидромет

«Қазгидромет» РМК ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.

29 қаңтар мен 2 ақпан аралығында Жамбыл облысының кей жерінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с, 30 қаңтар мен 1 ақпан аралығында 23-28 м/с артуы мүмкін. 1-2 ақпанда көктайғақ болжанады.

29 қаңтарда Ақмола облысының кей жерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с артады.

29 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, қөктайғақ болжанады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.

29 қаңтарда Маңғыстау облысының кей жерінде көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы 17-22 м/с артуы ықтимал.

29 қаңтарда Атырау облысының кей жерінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.

29 қаңтарда Қостанай облысының кей жерінде тұман күтіледі.

Back to top button