Boeing 737 Max ұшақтарының қайта ұшуына рұқсат берілді

Boeing 737 Max ұшақтарының қайта ұшуына рұқсат берілді

Boeing 737 Max ұшақтарының қайта ұшуына рұқсат берілді
ашық дереккөзі
208
Еуроодақ аумағында Boeing 737 Max модельді ұшақтардың ұшуына рұқсат берілді, деп хабарлайды Euronews. Еуропа авиация қауіпсіздігі агенттігі Boeing 737 Max ұшағының ұшуына енді тыйым салмайды. Бұл жолаушылар ұшағының ұшуына 2019 жылдың наурызында, бағдарламалық қамтамасыз етудің істен шығуынан болған екі әуе апатынан кейін тыйым салынған болатын. Еуропалық регулятор аталмыш ұшақтың бағдарламалық қамтамасыз етуі, электроникасы мен пайдалану нұсқаулығы қалпына келтірілген, модицикацияланған нұсқасы ғана ұша алатынын нақтылады. Boeing 737 Max ұшағын тізгіндейтін бүкіл ұшқыштар қайта даярлықтан өтуі тиіс. Өткен жылы АҚШ федералды авиация басқармасы Boeing 737 MAX ұшақтарының ұшуына рұқсат берген болатын. Жолаушыларды тасымалдаған алғашқы коммерциялық рейстер АҚШ пен Бразилияда ың-шыңсыз, тыныш өтті. Жыл басында «Боинг» корпорациясының екі әуе апатына себеп болған іс бойынша 2,5 млрд доллар өтемақы мен айыппұл төлейтіні белгілі болды.  

Серіктес жаңалықтары