264
Карантин: Концерттік бағдарламаларға рұқсат берілді
Карантин: Концерттік бағдарламаларға рұқсат берілді

Өзбекстанда коронавирусқа байланысты енгізілген бірнеше карантиндік талаптар жеңілдетілді. Атап айтқанда, концерттік бағдарламалар мен кафе және мейрамханалардың түнгі қызметіне рұқсат берілді, – деп жазды ӨзА агенттігі.
Республикалық арнайы комиссияның шешімімен 2021 жылдың 28 қаңтарынан бастап санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, концерттік іс-шараларды ұйымдастыруға рұқсат берілді.
- Концерттік залдардағы көрермен сыйымдылығын ескере отырып, олардың санын 50 пайыздан аспайтындай жағдайда ұйымдастыру;
- Қашықтықты сақтай отырып, көрермендер отыратын концерт залдарын пайдалануды қамтамасыз ету және арақашықтықты сақтау үшін қажетті орындарды белгілеу;
- Концерт залдарына келген көрермендер мен қызмет көрсетушілер міндетті түрде маска тағуы керек.