«Қасым хан» жобасындағы жымқыру ісіне қатысты «Қазақфильм» пікір білдірді

«Қасым хан» жобасындағы жымқыру ісіне қатысты «Қазақфильм» пікір білдірді

«Қасым хан» жобасындағы жымқыру ісіне қатысты «Қазақфильм» пікір білдірді
ашық дереккөзі
Бұқаралық ақпарат құралдарында «В потоках истории: обретая вечность. Касым хан» сериалының жобасы бойынша бюджеттік қаражатты жымқыру ісін тергеудің егжей-тегжейімен материалдар жариялануына байланысты, ақпаратты нақтылау мақсатында «Қазақфильмнің» баспасөз қызметі ресми мәлімдеме жасады. «Сериалдағы қаражат жымқыру фактісі бойынша тергеуді киностудияның бұрынғы басшылығы бастаған. Қуаныш Ахметов продюсерлік еткен «В потоках истории: обретая вечность. Касым хан» тарихи сериалы 2018 жылы өндіріске енгізілді. Алайда, түрік режиссері Метин Гюнайдың жобадан бас тартуына байланысты, 2020 жылы жоба өзінің тұжырымдамалық пішімін өзгертті және «Ұлы дала таңы» жұмыс атауымен толықметражды көркем фильмге айналды. Жаңадан құрылған түсірілім тобын режиссер Ақан Сатаев басқарады. «Ұлы дала таңы» жобасының имиджіне нұқсан келтірмеу мақсатында біз сериал мен толықметражды фильмнің екі бөлек жоба екенін назарларыңызға жеткіземіз», – делінген ресми хабарламада.