Президент жанынан жаңа агенттік құрылады

Президент жанынан жаңа агенттік құрылады

Президент жанынан жаңа агенттік құрылады
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы қысқа мерзімде ҚР Президенті жанындағы Экономикалық қылмыстармен күрес агенттігін құруды тапсырды. «Былтыр «көлеңкелі» экономика саласында ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысты  рекордтық көрсеткіште іс қозғалды. 73 қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойылып, қаржыны қолма қол ақшаға айналдыру көлемі азайды. Бұл қадамдар осы жұмыстың басы ғана. Осы бағытта тиімді жұмыс істеу үшін барынша қысқа мерзімде ҚР Президенті жанындағы Экономикалық қылмыстармен күрес агенттігін құру керек. Бұл өз кезегінде шешімдердің дербестігін арттырып, мүдделер қақтығысын жояды», – деді Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында.