5968
Қазақстандық вакцинаны салдырамын – Қасым-Жомарт Тоқаев
Қазақстандық вакцинаны салдырамын – Қасым-Жомарт Тоқаев
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны салдыратынын айтты.
Қазіргі ауыр жағдайдан шығудың жолы вакциналауға байланысты екеніне ерекше тоқталған Мемлекет басшысы: «Оны сапалы өткізу үшін барлық жағдайды жасау керек. Вакциналау бойынша науқан ұйымдастырылған тәртіпте өтуі тиіс. Үкіметке әкімдермен бірлесе толыққанды дайындықты қамтамасыз етіп, 1 ақпаннан жаппай вакциналауға кірісуді тапсырамын», – деді.
Сонымен қатар Президент отандық вакцинаны тестілеудің оңтайлы нәтижесіне сенім артатынын атап өтті.
«Осы жағдайда ол жақсы нәтижелер көрсетсе, мен дәл осы қазақстандық вакцинаны салдырамын», – деді Президент.