Халыққа берілетін несиенің үстемақысы 6 пайыздан аспауы тиіс – Президент

Халыққа берілетін несиенің үстемақысы 6 пайыздан аспауы тиіс – Президент

Халыққа берілетін несиенің үстемақысы 6 пайыздан аспауы тиіс – Президент
ашық дереккөзі
263
Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында халыққа берілетін шағын несиелердің үстемақысы 6 пайыздан аспауы тиіс екенін айтты. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы халықты жұмыспен қамтудың негізгі құралы. Оның «Бастау – бизнес» бағыты бойынша 150 мың адам оқып шықты. Бірақ, тек 10 пайызы несиеге, 19 пайызы грантқа ие болды. 100 мыңнан астам адам мемлекет қолдауынан тыс қалды», – деді Мемлекет басшысы. Президент әсіресе, бағдарламаның ауылдағы түлектеріне қаржы жетпей жатқанын баса айтты. «Өйткені ауылда банктар мен даму институттарының бөлімшелері жоқ. Сондықтан бағдарламаның қаржы көлемін ғана емес оны жүзеге асыру ұстанымдары мен тетіктерін қайта қарауымыз керек. Оған білікті микроқаржы ұйымдарының белсенді қатысуын қамтамасыз ету – Үкіметтің міндеті. Халыққа берілетін шағын несиелердің ставкасы 6 пайыздан аспауы тиіс», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Серіктес жаңалықтары