Әлі дүниеге келмеген баласын сатпақ болған жұп ұсталды

Әлі дүниеге келмеген баласын сатпақ болған жұп ұсталды

Әлі дүниеге келмеген баласын сатпақ болған жұп ұсталды
ашық дереккөзі
269
Хорезм облысының Ургенч ауданындағы Бекабад ауылының тұрғыны әлі туылмаған баласын сатуға әрекет еткен. Бұл туралы өзбекстандық басылымдарға сілтеме жасап Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлады. 
Жергілікті басылымдардың жазуынша, бойында төрт айлық нәрестесі бар әйел некесіз тұрған ер азаматпен бірге баласын 9 мың долларға сатуды көздеген. Олар алдын ала 6 мың доллар алып жатқан кезде ұсталып, оларға қарсы қылмыстық іс қозғалды. Өзбекстан ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, өлкеде соңғы үш жыл ішінде бала сатуға байланысты 185 оқиға тіркелген.

Серіктес жаңалықтары