Дәрігер қорқор шегудің басты қаупін атады

Дәрігер қорқор шегудің басты қаупін атады

Дәрігер қорқор шегудің басты қаупін атады
ашық дереккөзі
562
Ресейдің қатерлі ісікке қарсы қоғамының басшысы, Блохин атындағы Ұлттық ғылыми онкология орталығының бөлім меңгерушісі Давид Заридзе НСН-ге берген сұхбатында қорқор шегудің қауіптілігі туралы айтты. "Біз қорқор туралы өте аз білеміз, оның басты қауіптілігі де осы. Темекі шегудің, түтіктің, сигардың зияны туралы бәрін білеміз, олардың қатерлі ісік түрлерінің тұтас шоғырының дамуына әкелетінінен де хабардармыз. Түтік пен сигар шегудің темекі шегуден гөрі зияны аз деген пікір бар. Олай емес. Темекінің қауіпсіз түрі жоқ", - деді Заридзе. Заридзе қорқор шегуге бақылау енгізу қажет деп санайды. "Қорқор зиянды болуы мүмкін және қатерлі ісік ауруының дамуына әкелуі мүмкін. Бірақ мен ғалыммын, нақты сөйлеуім керек. Біз бұл кальяндардың немен демделетінін білмейміз. Сондықтан да шылымның бұл түрі айтарлықтай қауіпті. Біз оны темекі сияқты бақылауымыз керек", - деді дәрігер.  

Серіктес жаңалықтары