381
Бразилияда футболшылар мінген ұшақ апатқа ұшырап, 6 адам мерт болды
Бразилияда футболшылар мінген ұшақ апатқа ұшырап, 6 адам мерт болды
Бразилияның Порту-Насиунал қаласының маңында «Пальмас» бразилиялық төртінші дивизионның футболшылары мінген ұшақ апатқа ұшырап, 6 адам мерт болды.
ҚазАқпараттың Globo телеарнасына сілтеме жасап жазуынша, апат орнында түсірілген видеоны Twitter әлеуметтік желісінің қолданушылары жүктеген. Онда ұшақтық екіге бөлініп, кейін өртенгенін көруге болады.
Ұшақ бортында «Пальмас» бразилиялық төртінші дивизионының 4 футболшысы, сондай-ақ клуб президенті Лукас Мейра және ұшқыш болған. Ұшақ ұшу-қону жолағына жақын маңда әуеге көтеріле бере құлаған. Қайтыс болғандар: қақпашы Рануле (27 жас); қорғаушылар — Лукас Пракседес (28 жас), Гильерме Ноэ (28 лет); жартылай қорғаушы Маркус Молинари (23 жас), клуб президенті Лукас Мейра (32 жас).