Зейнетақы жинағы ең көп өңірлер аталды

Зейнетақы жинағы ең көп өңірлер аталды

Зейнетақы жинағы ең көп өңірлер аталды
ашық дереккөзі
377
«Отбасы банкі» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова тұрғындарының зейнетақы жинағы ең көп 4 өңірді атады. «658 млрд теңге! Алматы қаласындағы салымшылар (зейнетақының бір бөлігін пайдалана алатын азаматтардың жалпы жинағы) жинаған зейнетақы қоры осындай. Бұл – жалпы қордың 26,8 пайыздық үлесі. Яғни әрбір үшінші алматылық. Алматыда қаржы, банк, сақтандыру саласында еңбек ететін мамандар көп әрі олар әрдайым жоғары айлық алады. Олар әрдаймы ресми аударым арқылы зейнетақы қорына салым аударып келеді. Екінші орында – Маңғыстау облысы. Ол өңірдің халқының зейнетақы қорындағы жалпы жинағы 397 млрд теңге. Біз жариялаған бағдарламаға қатысатын азаматтар осындай сома жинаған. Бұл – жалпы республиканың 16,2 пайызы. Үшінші орында – Нұр-Сұлтан қаласы. Елордада бағдарламаға қатыса алатын азаматтардың жалпы зейнетақы жинағы 325,9 млрд теңге (13,3 пайыз). Төртінші орында – Атырау облысы (257,4 млрд теңге) – 10,4 пайыз. Осы төрт өңірдің халқы зейнетақы жинағын пайдалана алатын азаматтардың 70 пайыздан астамын құрап отыр», - деді Ләззат Ибрагимова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша бұл рейтингіде Ақмола, Түркістан, СҚО облыстары ең соңында тұр.  

Серіктес жаңалықтары