«Сергек» көмекке келеді: Енді алимент төлемегендерді жазалау оңайға түспек

«Сергек» көмекке келеді: Енді алимент төлемегендерді жазалау оңайға түспек

«Сергек» көмекке келеді: Енді алимент төлемегендерді жазалау оңайға түспек
ашық дереккөзі
215
Биылдан бастап алимент төлеуден жалтарып жүргендерді анықтауға «Сергек» жүйесі қолданылады. Бұл туралы ҚР Әділет вице-министрі Алмат Мадалиев мәлімдеді. «Биыл бұл жұмыстарды жандандыра түсетін екі жайт бар. Біріншіден, республикалық палатамен бірлесе отырып, сот орындаушылардың ақпараттық жүйесін «Сергек» жүйесімен ықпалдастыруды жоспарлап отырмыз. Яғни, «Сергек» жүйесі орнатылған қалаларда көлік құралдарын табу оңай болады. Соның нәтижесінде алимент бойынша борышкерлерден көліктерді алып қою арта түседі деп ойлаймыз», - деді вице-министр онлайн брифинг барысында. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қарағандыда 6 жылдан астам балаларына көмектесуден бас тартқан алиментші қала көшелерін тазалау жұмыстарына жегілген болатын. Ал елордада алимент төлемеген борышкер 35 млн теңге тұратын элиталы коттеджінен айрылды.  

Серіктес жаңалықтары