270
Атырауда медициналық маска 15 теңгеден сатылады
Атырауда медициналық маска 15 теңгеден сатылады
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Диас Жәнібековтің мәліметінше, монополияға қарсы келісім жасалған.
«Монополияға қарсы келісім ашық сауда өткізу саясатын көздейді. Бұл – монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтың алдын алу, болдырмау жөніндегі тиімді құрал. Сондай-ақ, Атырауда медициналық маска шығаратын өндірістің ашылуы бағаны төмендетуге ықпал етті», – дейді Диас Жәнібек.
Осыған байланысты осы департамент пен «Семейное здоровье» дәріханалар желісінің басшылары ашық сауда-өткізу саясатын көздейтін ресми келісімшартқа қол қойды.
«Енді медициналық масканы Атырау қаласындағы Нұрсая, Авангард, Алмагүл шағынаудандарында орналасқан «Семейное здоровье» дәріханасынан 15 теңгеге сатып алуға болады. Масканың мұндай төмен бағасы карантиндік шектеу шаралары алынғанға дейін сақталады», – дейді дәріханалар желісінің басшысы Сұңқар Мәлікұлы.