313
Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауады – Қазгидромет
Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауады – Қазгидромет
21 қаңтар күні республиканың басым бөлігінде қар жауады. Елдің оңтүстігінде, орталығында жауын-шашын күтіледі, жекелеген өңірлерде қар аралас жаңбыр болжанады. Кей жерде тұман, жаяу бұрқасын, екпінді жел сақталады. Оңтүстікте, оңтүстік-батыста, орталық пен шығыста көктайғақ болуы ықтимал, – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Қарағанды облысының кей жерінде тұман, бұрқасын, көктайғақ, 23-28 м/с дейінгі жел күтіледі. Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болжанады, жел 15-20 м/с артады.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде тұман, жаяу бұрқасын болады, 15-20 м/с екпінде жел тұрады.
Түркістан, Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болжанады. Желдің күші Түркістан облысында 15-20 м/с, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында 17-22 м/с артатыны күтіледі.
Ақмола облысының кей жерінде жаяу бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай облысында кей жерде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі.
Ақтөбе облысында кей жерде тұман, күндіз Маңғыстау облысында көктайғақ болжанады.