341
Қуат Хамитовтің соты кейінге қалды
Қуат Хамитовтің соты кейінге қалды
Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитовтің соты кейінге қалды. Адвокат Хамитовтің интернеті нашар болуына байланысты процесті кейінге қалдыруды сұрады. Ол Қуат Хамитовтың интернетке қосыла алмайтынын айтты, – деп жазды Tengrinews.kz.
Сот Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында онлайн режимде өтіп жатыр. Қуат Хамитовтің өзі отырысқа қатысқан жоқ.
Прокурор бұл процесті басты күдіктінің қатысуынсыз жүргізуге болмайтынын айтып, нәтижесінде отырыс кейінге қалды. Келесі отырыстың қашан өтетіні әзірге белгісіз.
Еске салайық, былтыр қыркүйек айында спортшы тікұшақтарды атуға және дезинфекторларды ұруға шақырған болатын.
ҚР ҚК-нің 272-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен Қ.Хамитовке қатысты қылмыстық іс қаралуда.