Банктер мен ақша айырбастау нүктелерінің жұмыс режимі өзгерді

Банктер мен ақша айырбастау нүктелерінің жұмыс режимі өзгерді

Банктер мен ақша айырбастау нүктелерінің жұмыс режимі өзгерді
ашық дереккөзі
219
Қазақстан Ұлттық Банкі мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бірлескен бұйрығымен COVID-19-ға байланысты Қазақстандағы банктердің, ломбардтар мен айырбастау пункттерінің жұмысына шектеулер енгізілді. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, бұл екінші деңгейлі банктерге, резидент емес банктердің филиалдарына, айырбастау пункттеріне, ипотекалық ұйымдарға, сақтандыру ұйымдарына, сақтандыру брокерлеріне, несиелік серіктестіктер мен ломбардтарға, төлем ұйымдары мен коллекторлық агенттіктерге қатысты, деп жазады ҚазАқпарат. Бұйрық Қазақстан Республикасы азаматтарының өмірі мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ коронавирус инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында қабылданды. Бұйрыққа сәйкес, қызметтер барынша онлайн режимде көрсетілуі керек. "Қызыл" аймаққа жататын өңірлерде күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим шаралары қатаң сақталуы тиіс. Сондай-ақ қызметкердердің 60% қашықтан жұмыс істеуге ауысады. "Сары" және "жасыл" аймақтарда – халыққа қызмет көрсеткен кезде күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим шараларын қатаң сақтаған жағдайда, өндірістік қажеттілік кезінде қашықтан жұмыс істеу нысанына филиалдың штат санының кемінде 30% ауысады. "Екінші деңгейдегі банктер клиенттер операцияларын өңдеуді жүзеге асыратын қызметтердің жұмысын ұйымдастыруды және банкоматтардың, терминалдардың, интернет-банкингтің, мобильдік банкингтің және басқа да клиенттердің банктік шоттарын қашықтан басқару жүйелерінің, инкассаторлық қызметтің, call-қызметтің, төлем карталарын жеткізу қызметінің, сондай-ақ олардың ұйғаруы бойынша басқа қызметтердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етсін. Сонымен қатар, екінші деңгейдегі банктер және айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғалар экономика субъектілері мен халықты қолма-қол ақшамен қамтамасыз ету бойынша үздіксіз қызметті, оның ішінде банкоматтарды қолма-қол ақшамен уақтылы толықтыруды және олардың кідіріссіз жұмысын жүзеге асыруды қамтамасыз етуі тиіс", – делінген бұйрықта. Ұлттық банк пен агенттіктің бірлескен бұйрығы 2021 жылдың 19 қаңтарында күшіне енді және ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысында көрсетілген шектеу шаралары алынғанға дейін күшінде болады.

Серіктес жаңалықтары