Қордайдағы жанжал: Таразда өтіп жатқан сотта айыпталушы өз-өзін жарақаттады

Қордайдағы жанжал: Таразда өтіп жатқан сотта айыпталушы өз-өзін жарақаттады

Қордайдағы жанжал: Таразда өтіп жатқан сотта айыпталушы өз-өзін жарақаттады
ашық дереккөзі
336
Қордайдағы ұлтаралық жанжалға байланысты Таразда өтіп жатқан сотта айыпталушылардың бірі өзін жарақаттады. Сот процесінде бір айыпталушы «бізді тоқпен азаптады, ұрып-соқты» деп шағымданды, – деп жазды azattyq.org. Соттың мәліметінше, 18 қаңтарда айыпталушы Шамиль Харсанов сот залындағы процесс аяқталып, судья шығып кеткен соң өзін өзі оң иығынан жарақаттаған. Харсановтың не үшін олай жасағанын судья түсіндірмеді, нақты қандай құрал қолданғанын да айтпады. Сейсенбі күні сот отырысында Харсанов судьяға бірнеше рет отбасылық жағдайына байланысты хат жазғанын айтып, өзін жарақаттауының себебін түсіндірмек болған еді, судья тыңдамады. «Егер оcылай жалғаса берсе, сізге жауапкершілік артылады. Қазір бұл актілерді тиісті органдарга жіберуге тиіспін. Олар сіздің психологиялық жағдайыңызды тексереді. Бірақ сіз анаңыздың жүрегіне жарақат салдыңыз, «батыл қадам жасадым» деп ойлайтын шығарсыз, олай емес», – деді судья.

Серіктес жаңалықтары