Қазақтың «тақиялы періштесі» өмірден өтті

Қазақтың «тақиялы періштесі» өмірден өтті

Қазақтың «тақиялы періштесі» өмірден өтті
ашық дереккөзі
1053
Қазақстанның Мәдениет қайраткері, актер Әлімғазы Райымбеков 85 жасқа қараған шағында өмірден өтті.  width= Көпшілікке режиссер Шәкен Айманов түсірген «Тақиялы періште» фильміндегі Тайлақ деген есіммен кең танылған актер Әлімғазы Райымбеков Алматы облысында дүниеге келген. 1965 жылы алғашқы «Ән қанатында» фильміне спорттық іс-шараларына шақырту алады. 1966 жылы «Қилы кезең» фильміне түседі. 1968 жылы қазақ киносының алтын қорынан ойып тұрып орын алған «Тақиялы періште» (реж: Шәкен Айманов) кинофильміндегі Тайлақтың рөлін сомдайды. Осы кезден бастап жұртшылыққа кеңінен таныла бастайды. 1968 жылы «Көгілдір такси» фильміне түсті. 1978 жылы «Қан мен тер» фильмінде эпизодтағы рөлді сомдаған. 1979 жылы «Егер сіз он екі жасқа болғанда» фильміндегі Қатештің әкесі рөлінде және т.б. бас-аяғы 12 кинофильмге түскен.

Серіктес жаңалықтары