251
"Жарылып кетуі мүмкін": Маман телефонды қандай жағдайда қуаттауға болмайтынын айтты
"Жарылып кетуі мүмкін": Маман телефонды қандай жағдайда қуаттауға болмайтынын айтты
Телефонды батареясы ұлғайғанда, күнге қатты қызып кеткенде немесе дымқыл күйінде қуаттау қауіпті. Бұл туралы Прайм агенттігіне "Роскачество" цифрлық өнімдерін сынау жөніндегі аға маманы Сергей Кузьменко айтты.
"Телефон қуатталмай қалса немесе жылдамырақ қуаттай бастаса, баптаулардан телефонның қуат жұмсау статистикасын тексеру керек. Құрылғының қуаты жаңа қосымша салдарынан тез азаюы мүмкін, бұған батареяның еш қатысы жоқ", - деп түсіндірді Сергей Кузьменко.
Маманның айтуынша, батареяның ескіруі мен зақымдануы қуаттау кезінде қиындық тудырады. Телефонды құлатып алсаңыз немесе ұзақ уақыттан бері қолданып жүрсеңіз, осындай жағдайға тап болуыңыз мүмкін.
Кузьменко телефонды қуаттауға түпнұсқа қуаттағыштың орнына арзан өнімдер қолданылса, батареяның "өмірі" қысқара түспек.
"Егер батареяның жағдайы смартфон сапасына әсер етсе, құрылғыны қуаттамаңыз. Оны жөндеуге беріңіз. Әйтпесе, батареясында ақау бар телефон жарылып кетуі мүмкін", - деп ескертті маман.