334
Алматы облысында "Қорғас ісі" бойынша соңғы фигурант ұсталды
Алматы облысында "Қорғас ісі" бойынша соңғы фигурант ұсталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросындағылар "Қорғас ісі" бойынша халықаралық іздеуде болған Бекболат Қайырбаевты ұстады.
Бекболат Қайырбаев11 қыркүйекте Алматы облысында ұсталды.
Ведомстводағылардың мәліметінше, Бекболат - ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы Талғат Қайырбековтың туған бауыры. "Ағасының тапсырмасымен Бекболат Қайырбаев Талғат Қайырбаевты қылмыстық жауапкершілікке тартпас үшін лауазымды қызметкерлерге өзінің таныстары Зиманова М., Аубакирова У., Кусманова және Р. Юсупова есімді азаматшалар арқылы 3,2 миллион доллар көлемінде пара берген", - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Бекболат Қайырбаев 2012 жылдың наурыз айынан бері іздеуде болған. "Қазіргі уақытта антикоррупциялық қызметтегілер іздеуде болған ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің барлығын ұстады", - деді ведомство өкілдері.
2016 жылдың қаңтар айында Алматыда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы өкілдері "Қорғас ісі" бойынша Е. Малибаев есімді азаматты ұстаған болатын.