Шоқыну мерекесінде жаппай шомылуға тыйым салынды – Қарағанды облысы

Шоқыну мерекесінде жаппай шомылуға тыйым салынды – Қарағанды облысы

Шоқыну мерекесінде жаппай шомылуға тыйым салынды – Қарағанды облысы
ашық дереккөзі
Қарағанды шіркеу округінің өкілі Александр Угольков пандемия жағдайында Шоқыну мерекесін өткізу тәртібін түсіндірді, – деп хабарлады saryarqa.kz. Облыс әкімдігінің мәліметінше, қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты биыл шомылу орындарын дұға оқып тазарту шаралары жүргізілмейді. Тиісінше, суға жаппай шомылуға болмайды. Суды тазарту тек ғибадатханалар аумағында өтеді. 18 қаңтар күні түстен кейін су алу үшін шіркеуге келуге болады. Сондай-ақ 19 қаңтарда таңғы сағат 08.00-ден кешке дейін де су таратылады. Тарату көшеде өтеді. Шіркеулерге кіруге тыйым жоқ. Қарағанды облысы бас санитарлық дәрігерінің негізгі талаптарына сай, маска режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтау діни қызметкерлер үшін де, халық үшін де шарт. Шіркеу өкілінің айтуынша, Шоқыну мерекесінде суға сүңгу шіркеудің емес – халықтың дәстүрі. «Суға сүңгу – халық дәстүрі. Оған арнайы дайындалмаған адамдар үшін бұл қауіпті болуы мүмкін. Бұл ретте бір-бірімізге деген сүйіспеншілік пен қамқорлық маңыздырақ. Бұрын бұл күні мұқтаж адамдарға бару, оларға көмек көрсетіп, мерекелік көңіл-күй сыйлау дәстүрі болған. Мереке бекер өтпеуі үшін бұл күні игі істер жасаңыздар», – деді протоирей Александр Угольков. Шіркеу өкілдері мереке күні жаппай шомылуға тыйым салу шараларына түсіністікпен қарауды сұрайды.