АҚШ тарихында алғаш рет: Трампқа екінші импичмент жарияланды

АҚШ тарихында алғаш рет: Трампқа екінші импичмент жарияланды

АҚШ тарихында алғаш рет: Трампқа екінші импичмент жарияланды
ашық дереккөзі
225
Дональд Трамптың импичменті күшіне енді. Бұл шешімді Сенат мақұлдауы тиіс, деп хабарлайды ВВС.  АҚШ президентіне импичмент жариялау туралы қаулыға Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси қол қойды. Президент Дональд Трамп АҚШ тарихындағы екі рет импичмент жарияланған алғашқы мемлекет басшысы болды. Бұл шешімді мақұлдауы тиіс Сенат жаңа президент инаугурациясынан кейін айыптауларды қарастырмақ. Сәрсенбі күні кешке Конгрестегі демократтар Трамптың импичмент процесін тез арада өткізу туралы уәдесін орындады. Бірнеше сағат ішінде Өкілдер палатасы Трамптың айыптауларының жалғыз бабын қарап, мақұлдады, оны бүлікке итермелегені үшін кінәлі деп жариялады. Палата спикері Нэнси Пелоси құжатқа қол қойғаннан кейін импичмент күшіне енді. Алайда түпкілікті шешімді Сенат қабылдауы керек. Еске сала кетейі, бұған дейін АҚШ Конгресіне Трамп импичменті туралы резолюция ұсынылған болатын. 6 қаңтарда сайлау қорытындысымен келіспеген Дональд Трамп жақтастарының жаппай наразылық акциясынан кейін оған қатысушылардың бір тобы Конгресс ғимаратына басып кірді.  

Серіктес жаңалықтары