234
Коронавирусты асқазан ауруымен шатастырған ер адам ұйықтап жатып қайтыс болды
Коронавирусты асқазан ауруымен шатастырған ер адам ұйықтап жатып қайтыс болды
Ұлыбританияның Херн-Бэй қаласының тұрғыны коронавирусты асқазан ауруымен шатастырып, ұйықтап жатқанында қайтыс болды. Бұл туралы марқұмның қызы айтты, деп хабарлайды KentOnline.
Мишель Киннің 60 жастағы әкесі мен анасы коронавируспен қараша айында ауырған. Ері-зайыптылар індет жұқтырғанын білмеген, өйткені ауру белгілерін сезінбеген. "Бір күні таңертең анам оянып, әкемнің ұйықтап жатып қайтыс болғанын білді", - деп еске алды Мишель.
Өлімнен кейінгі тексеру ер адамда COVID-19 барын анықтады. Осыдан кейін қызы анасының да сынама тапсыруын өтінеді. Тексеру барысында әйелдің қанында оттегінің деңгейі тым төмендеп кеткені белгілі болған. Дәрігерлер егер пациент сол күні дәрігерлерге жүгінбесе, келесі күні ұйқысынан оянбай қалуы мүмкін еді дейді. Мишельдің анасы ауруханада екі апта емделіп, үйіне оралды. Бүгінде жағдайы жақсы.
Мишель басқаларға коронавирустың қаншалықты қауіпті екенін түсіндіру үшін әкесінің өлімі туралы көпшілікке айтуды жөн көрген. Ол сақтық шараларын ұмытпауға, атап айтқанда, үйден себепсіз шықпауға, қолды жиі жуып, қорғаныс маскаларын тағып жүруге шақырды.