АҚШ барлау қызметі Байденді ұлықтау рәсіміне қандай қауіп төнуі мүмкін екенін айтты

АҚШ барлау қызметі Байденді ұлықтау рәсіміне қандай қауіп төнуі мүмкін екенін айтты

АҚШ барлау қызметі Байденді ұлықтау рәсіміне қандай қауіп төнуі мүмкін екенін айтты
ашық дереккөзі
430
АҚШ барлау қызметкерлері Джо Байденді ұлықтау рәсіміне ықтимал қауіп көздерін атады. Бұл туралы New York Times газетіне сілтеме жасап РИА Новости хабарлады.  Америкалық барлау қызметі қарулы топтар мен экстремистік нәсілшілдердің тарапынан төнетін қауіпке алаңдаушылық білдіріп отыр. Сондай-ақ, барлау қызметі 6 қаңтарда Капитолиде болған тәртіпсіздіктер "инаугурацияға бағытталған қарулы жасақтар мен экстремистік нәсілшілдер үшін зорлық-зомбылықтың маңызды қозғаушы күші болады" деп ескертті. Бұған дейін АҚШ Ұлттық гвардиясы Байденді ұлықтау алдында шабуылдаушылардың қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды пайдалану мүмкіндігіне дайындалған болатын. Тәртіп сақшылары өткен аптада тәртіпсіздіктер кезіндегідей жарылғыш заттардың қойылуы тағы қайталануы мүмкін деп есептейді. Сондай-ақ, ұлттық гвардияшыларға наразылық білдірушілер жақсы қарулануы мүмкін екендігі туралы ақпарат берілді. Осыған байланысты армия министрі Райан Маккарти Капитолиді күзететін ұлттық гвардияшыларға адам өлтіретін қару алып жүруге рұқсат берді.

Серіктес жаңалықтары