Биолог коронавирус мутациясын тоқтатудың жолын айтты

Биолог коронавирус мутациясын тоқтатудың жолын айтты

Биолог коронавирус мутациясын тоқтатудың жолын айтты
ашық дереккөзі
213
Эволюциялық биолог Георгий Базыкин коронавирус мутациясын тоқтатудың жолын айтты. Ғалымның пікірінше, бұл үшін оның планетадағы санын азайту қажет, деп жазады "Комсомольская правда".  Мысал ретінде Базыкин Даниядағы жағдайды тілге тиек етті, онда мутацияланған коронавирустың салдарынан 17 миллион күзен жойылған еді. Оның айтуынша, бұл жаңа мутациялардың пайда болуын болдырмау үшін жасалған шара. Вирустың таралуын тоқтату үшін Базыкин маскаларды дұрыс киюге, қашықтықты сақтауға, қолды жиі жуып, бөлмелерді желдетуге кеңес берді. "Аурудың жаңа жағдайларының саны неғұрлым аз болса, соғұрлым жаңа мутациялар азаяды", — деп қорытындылады биолог. Ол "егер індет жойылса, мутацияға ұшырайтын да ештеңе қалмайтынын" түсіндірді. Бұған дейін Ресейдегі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) өкілі Мелита Вуйнович кез-келген COVID-19 мутациясы пандемияны күрделендіре түсетінін айтқан еді. Оның сөзінше, вирустың мінез-құлқын үнемі қадағалап, жаңа штамм өлімге немесе аурудың ауырлығына қаншалықты әсер ететінін анықтау керек.

Серіктес жаңалықтары