4 балдық жер дүмпуі сезілді: Қазақстанда екі жер сілкінісі тіркелді

Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісінің мәліметінше, бірінші жер сілкінісі 12 қаңтарда сағат 19:21-де Алматы қаласынан солтүстік шығыста 292 шақырымда тіркелді. Жаркентте 3-4 балдық жер дүмпуі сезілді.

Екінші жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік шығысқа қарай 302 шақырымда Қазақстан аумағында орналасқан. Жер дүмпуі сағат 20:39-да тіркелді. Жер сілкінісі Алматы қаласында сезілмеді.

Back to top button