Елорданың бас санитарлық дәрігері үндеу жасады

Елорданың бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова коронавирус инфекциясының қаупін ұмытпау керектігін айтып, қала тұрғындарын сақтануға шақырды.

Оның айтуынша, қаңтардың алғашқы онкүндігінде елорда «сары» және «қызыл» аймақтардың шекарасында тұр. Жаңа жылдық мерекелерден кейін инкубациялық кезең аяқталғанын ескере отырып, коронавируспен ауыратын науқастар саны артып келеді.

«Қазір қала «сары аймақта» орналасқанына қарамастан сырқаттану санының өсімі байқалады. Бұл, бір жағынан, COVID-19 инфекциясына тест тапсыратын адам санының екі есе өсуіне, ал екінші жағынан қала тұрғындарының жаңа жыл күндері шектеу шараларын сақтамауына байланысты. Сондай-ақ айрықша атап өтерлігі – дәрігерлерге өздігінен қаралатын халықтың үлесі артып келеді. Бұл тұрғындардың жауапкершілігі жоғары екенін және коронавирус инфекциясының салдарына алаңдайтынын көрсетеді. Өз бетімен ем-дом қолдануға болмайды. Өзін, туыстарын және айналасын қорғау үшін санитарлық нормаларды қатаң сақтап, маска тағу қажет», – деді Сархат Бейсенова.

Елорданың бас санитарлық дәрігері коронавируспен ауырғандар қатары өскен жағдайда қосымша карантин шектеу шаралары қабылданатынын атап өтті.

Back to top button