Биыл 2002 жылғы аяз қайталанды – Қазгидромет

Биыл 2002 жылғы аяз қайталанды – Қазгидромет

Биыл 2002 жылғы аяз қайталанды –  Қазгидромет
ашық дереккөзі
247
Қазгидрометтің мәліметінше, биылғы қыстың аязы 2000 жылдардағы суықты қайталады. "Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы климаттық нормадан 1-7° төмен болды, суықтың ошағы Ақтөбе және Қарағанды облыстарында 8-10° дейін болды, тек елдің солтүстігі мен шығысындағы жекелеген аудандарда ауа температурасы климаттық норма шамасында болды. Дәл осындай суық ауа райы, аномалиясы 10-12° дейін 2002 және 2012 жылдың желтоқсанында байқалды", - дейді синоптиктер. Бірқатар метеорологиялық бақылаулар ішінде Нұр-Сұлтан қаласында ең суық күн 1929 жылғы 12 желтоқсанда тіркелді, онда термометр бағаны түнгі уақытта -43,5°С дейін төмендеген. 2020 жылғы желтоқсанда ең төменгі температура -27°С (21 желтоқсан) құрады. Бұған қоса, желтоқсанда республиканың барлық дерлік аумағында түскен жауын-шашын мөлшері көпжылдық мәннен аз болды. Климаттық норма шамасында  кей жерлерде ҚР солтүстік-шығысында, сондай-ақ елдің солтүстігі мен солтүстік-батысының жекелеген аудандарында байқалды. Жауын-шашынның таралуы бойынша 1984 және 2011 жж. желтоқсан айлары ұқсас болды.

Серіктес жаңалықтары